Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева 2019 жылдың 1 қарашасында жұмыс сапарымен Павлодар қаласына келген кезде Павлодар қаласындағы М. Катаев атындағы облыстық оқушылар сарайында «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы қатарына оқушыларды салтанатты қабылдауға қатысты. «Жас Ұлан» және «Жас қыран» қатарына қала мектептерінің 70 оқушысы қабылданды. Аталған іс-шараның Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов, облыстық және қалалық мәслихаттардың депутаттары және қоғам қайраткерлері құрметті қонақтары болды.
Оқушылар сарайына бару кезінде Дариға Нұрсұлтанқызына Павлодар қаласы білім беру бөлімінің балалар техникалық мектебі тәрбиеленушілерінің авиа және кеме үлгілері, әскери техника үлгілерінің көрмесі ұсынылды. Осы айтулы оқиғаның құрметіне техникалық бөлім педагогтарымен бірге мектеп тәрбиеленушілері «Мустанг», «АН-2», И-153 «Чайка» авиамодельдері, «Портовый буксир» кемемоделдерін дайындады, әскери техника үлгілерін - «Т-170» кеңестік жеңіл танкісін, «КВ-2» кеңестік ауыр танкісін, «Sturer Emil» неміс өздігінен жүретін қондырғысын ұсынды.