kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3018167
Бір айда270232
Бір аптада53788
Кеше4780
Тәулік525
Еңбек заңнамасын білуге арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының брейн-рингі
06-11-2019 09:08
Еңбек заңнамасын білуге арналған бастауыш кәсіподақ ұйымдарының брейн-рингі

Бастауыш кәсіподақ ұйымдары қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында Павлодар қаласы білім беру қызметкерлерінің қалалық кәсіподақ ұйымы «Бастауыш ұйымдардың құқық қорғау қызметін жаңғырту» және «Педагогикалық ұжымдарда TEAMBUILDING» жобаларын іске асыруда. Жобаларды іске асыру кезеңінде кәсіподақ семинарларында 2 мыңнан астам білім беру мекемелерінің басшылары, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының төрағалары, келісу комиссияларының мүшелері, техникалық инспекторлар, мектеп психологтары, бухгалтерлері, кадр қызметінің қызметкерлері оқытылды.

Осы жобалар аясында білім беру қызметкерлері кәсіподағының қалалық комитеті білім беру бөлімінің қолдауымен білім беру мекемелерінің бастауыш кәсіподақ ұйымдарының арасында еңбек заңнамасы мен құқық мәселелері бойынша қалалық конкурс өткізілді. Мақсаты - кәсіподақ мүшелерін құқықтық қорғаудың үздік тәжірибесін насихаттау және тарату, ұжымның корпоративтік рухын дамыту арқылы педагогтардың беделін арттыру, еңбек заңнамасының білімін нығайту.

Брейн-рингке қаланың бастауыш кәсіподақ ұйымдары қатысты. Бірінші сырттай іріктеу турының Ережесіне сәйкес бастауыш ұйымдардың ұжымдары өздерінің құқық қорғау қызметінің тұсаукесерін ұсынды. Екінші турға 6 оқушы қатысты. Ақтық кезеңге 6 ұйым жіберілді. Командалар конкурстың ақтық кезеңінің төрт турына қатысу қажет болатын 12 қатысушыны ұсынды: сәлемдесу, еңбек заңнамасын білуге арналған тестілерді орындау, жұмыс беруші мен қызметкердің арасындағы даулы жағдайларды шешу, отырысты өткізу және еңбек Кодексінің баптарын қолдана отырып, келісу комиссиясының хаттамасын ұсыну.

Конкурс қорытындысы бойынша І орынды № 40 жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш кәсіподақ ұйымының командасы (кәсіподақ комитетінің төрайымы Ботай Айнагүл, мектеп директоры Задубняк Любовь Владимировна), ІІ орын - № 20 лицей-мектебінің бастауыш ұйымдарының командалары (кәсіподақ комитетінің төрайымы Нурушова Динара Жолдыбайқызы, директор Топанова Гүлнара Тұяққызы) және № 29 балабақшаның (кәсіподақ комитетінің төрағасы Демченко Светлана Сергеевна, жетекшісі Рысай Ольга Алексеевна) иеленді. № 1, 19, 35 жалпы орта білім беру мектептерінің командалары ІІІ орынға ие болды.

Қатысушыларға қалалық кәсіподақ комитетінің грамоталары мен ақшалай сыйлық табыс етілді. Қазылар алқасы құрамында Павлодара қаласы білім беру бөлімінің мамандары, әдіскерлері, қалалық кәсіподақ комитетінің бюро мүшелері жұмыс істеді.