Павлодар қаласының № 8 дарынды балаларға арналған мектеп-лицейінде 2019 жылғы 5 қарашада бағдарламалау және жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері бойынша облыстық жасөспірімдер олимпиадасында Павлодар қаласының командасы атынан олимпиаданың қалалық кезеңінің жеңімпаздары, № 34 (2) және № 37 жалпы білім беру мектебінің 8 сыныптың 3 оқушысы қатысты.
Облыстық олимпиада да ең жақсы бағдарламалау атағына облыстың мамандандырылған мектептері, Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептерінің 7 - 8 сынып оқушылары жарысты.
Олимпиада қорытындысы бойынша № 34 ЖОМ 2 оқушысы жүлделі орын алды. Колодин Максим І орын және Малыгин Максим ІІ орын жүлдегері, информатика мұғалімі Поляков Илья Олегович.
Жоғарғы нәтиже көрсеткен олимпиада қатысушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Олимпиада мақсаты - жаратылыстану-математикалық бағыт пәндеріне қызығушылығын ынталандыру, ғылыми-зерттеу қызметіне қызығушылығын және шығармашылық қабілетін дамыту, зияткерлік мүмкіншілігін дамыту үшін жағдай жасау, жоғарғы деңгейдегі олимпиадаға дайындық жүйесін жетілдіру.