kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
Сенім телефоны
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3018167
Бір айда270232
Бір аптада53788
Кеше4780
Тәулік525
Шахматтан облыстық іріктеу турниріндегі біріншілік
07-11-2019 14:46
Шахматтан облыстық іріктеу турниріндегі біріншілік

Оқушылар мен ересектер арасында шахматтан облыстық іріктеу турнирінің қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 1 мектебінің 8 сынып оқушысы Балмағамбетов Тимур І орынға ие болып, облыс құрама командасының құрамына кірді. Бұл нәтиже оған 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Байқау 2019 жылдың 3 - 5 қарашасында шахмат үйінде өтті. Ұйымдастырушы - облыстың туризм және спортты дамыту басқармасы.

Тимурдың шахматқа деген қызығушылығы 6 сыныпта басталды. Оның алғашқы жаттықтырушысы шахмат үйірмесінің жетекшісі Икрамов Марат Еркінжасұлы болды. Қазіргі уақытта шахмат үйінде шұғылданады, спорттық жаттықтырушы - Елена Анатольевна Анкудинова, спорт шебері, мектепте бұрынғысынша Марат Еркінжасұлы жаттықтырады. 2017 жылы Тимур облыстық турнирде І орын, 2019 жылы облыс әкімінің кубогы турнирінде орын алды. «Шахмат ойыны оқушылардың ой-өрісін жақсартады, ал біздің шахмат командасы мектеп жетістігіне ықпал етеді», - дейді Марат Еркінжасұлы.

Тимур мектепте жақсы оқиды. 2018 жылы ол юниор математикалық олимпиадасының қатысушысы болды. Ол баскетбол мен волейбол, үстел теннисімен айналысады.