ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мұғалімдерінің әдістемелік жинағы толықтырылуда
11-11-2019 11:20
Қала мұғалімдерінің әдістемелік жинағы толықтырылуда

«Өрлеу «БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының сараптама комиссиясының шешімі бойынша практикалық құндылығы, өзектілігі және қисынды аяқталуы бар 47 жұмыс қорғауға жіберілді, оның ішінде қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жұмысы және Павлодар қаласының мектепке дейінгі ұйымдарының педагогтарының 25 жұмысы.

Байқау қорытындысы бойынша 10 бастауыш сынып мұғалімі І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломмен, 8 мектепке дейінгі мекеме педагогы және 22 номинация бойынша грамотамен марапатталды.

«Балалық шақ-тұлғаны дамытудың стратегиялық ресурсы» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы Ж. А. Алпыспаева, Е. С. Воронич, Г. М. Кабыш (№ 21 ЖОМ), Л. В. Яковлева (№ 13 ЖОМ), К. М. Сарманова, Е. В. Синицина (№ 16 ЖОМ), С. В. Кожевникова (№ 9 гимназия-мектебі), А. Р. Камерова (№ 28 ЖОМ), Н. К. Антошина (№ 34 ЖОМ), М.А. Зеленковская (№ 5 ЖОМ), В. Ю. Маслянникова (№ 11 ЖОМ), К. К. Комутова, Н. К. Макина (№ 24 ЖОМ), Р. И. Алимбаева (Кенжекөл ЖОМ), О. Н. Слива (№ 39 ЖОМ), К. Б. Нұрғалиева (№ 38 ЖОМ).

«Жоспарланған нәтижелердің бастапқы мүмкіндіктеріне қарай» номинациясы бойынша І дәрежелі дипломмен Береснева Ольга Юрьевна, Попович Татьяна Анатольевна, № 36 ЖОМ мұғалімдері және «TIMSS халықаралық зерттеуіне дайындық» құралы үшін қала мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдерінің шығармашылық тобы марапатталды.

«Бастауыш білім беру мазмұнын жаңарту ресурсы ретінде дамыту ортасы» номинациясы бойынша І орынды Сагитова Сания Асқарқызы, Катьетова Оксана Сергеевна, Лысенко Ирина Николаевна, Латышева Ольга Ивановна, Симдянкина Светлана Ивановна (Нейфельд), № 16 лицей-мектебінің мұғалімдері, ІІ орынды Грязнова Вероника Владимировна, Панина Ангелина Владимировна, № 6 ЖОМ мұғалімдері, Латыпова Назгул Қайыркенқызы (Б. Момышұлы атындағы ЖОМ) иеленді.

«Білім жеке тұлғаны әлеуметтендіру факторы ретінде» номинациясы бойынша I орынды Балтабаева Кенжегүл Айдарханқызы (№ 19 ЖОМ), Нұрғалиева Зарина Асқарқызы (№ 39 ЖОМ), II орынды Дүйсекеева Ләззат Беғалімқызы, Тайлақова Айнагүл Ирмекқызы (М. Әуезов атындағы ЖОМ) иеленді.

Грамотамен Б. С.Арынова,  Р. А. Балтагулова, А. Зарихан (№ 7 ЖОМ), Молдатай Айгүл Нұрланқызы (№ 19 ЖОМ) марапатталды. Байқау қатысушылары «Мектепке дейінгі және бастауыш білім: тәжірибе, мәселелер, перспективалар» атты семинарға қатысты.