ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылардың зияткерлік олимпиадаға қатысуы
12-11-2019 10:03
Оқушылардың зияткерлік олимпиадаға қатысуы

2019 жылы 12 қазанда дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінде В. П. Никитенко атындағы XIII Зияткерлік олимпиаданың 1 кезеңінде (бағдарламалау бойынша командалық олимпиада) облыс мектептерінің 26 командасы, сонымен қатар қаланың 2 командасы № 34 мектебінің 7 - 8 сынып оқушылары және № 25 және 38 мектептің құрама командасы қатысты

19 қазанда олимпиаданың 2 кезеңінде (математикалық турнирде) облыс мектептерінің 4 - 6 сынып оқушылары 31 команда, сонымен қатар № 9, 11, 16, 17 (2 команда), 25, 34, 38, 41, Б. Момышұлы атындағы мектептерден 30 оқушы 10 команда қатысты.

Қантарда бағдарламалау бойынша командалық олимпиада қорытындысы бойынша № 34 ЖОМ командасы 600 ұпайдан 470 ұпай жинап II орынға ие болды.

Математикалық турнир 3 турдан тұрды - «Әу, баста» (жазбаша командалық ), 2 тур - «Асық» (ауызша-командалық олимпиада), 3 тур - «Байга» (ауызша-жеке олимпиада). «Байга» турының қорытындысы бойынша № 34 мектептің 5 сынып оқушысы Таукин Егор ІІІ орынға ие болды. Ауызша командалық тур қорытындысы бойынша № 38 ЖНМ құрама командасы ІІІ орын алды. Құрмет грамотасымен № 9, 17, 25, 34, 38 мектеп оқушылары марапатталды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломмен марапатталды. Барлық қатысушылар лицей-мектебінің сертификаттарын алды.