ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар қаласында жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау
12-11-2019 11:02
Павлодар қаласында жаңартылған білім беру мазмұнының өзекті мәселелерін талқылау

Павлодар қаласының білім беру бөлімі білім берудің жаңартылған мазмұнын практикаға енгізу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

12 жылдық білім беруге кезең-кезеңмен көшу, оқу жүктемесін қысқарту, негізгі орта білім беру курсы үшін қорытынды аттестаттау өткізу, оқу процесін ұйымдастыру кезінде нормативтік құқықтық сүйемелдеу және электрондық журналдарды толтырудың өзекті мәселелері кеңінен талқыланады. Дөңгелек үстелдер, диалог алаңдары, конференциялар, семинар-практикумдар, мастер-кластар өтті. Қала педагогтарының шығармашылық топтары, пәндік бірлестіктері және желілік қоғамдастықтары жұмыс істейді.

Критериалды бағалау жүйесін жетілдіру бойынша құрылымдық диалог өтті. Педагогтер формативті бағалауды өткізу кезіндегі жұмыс ерекшеліктерін, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын құрастыру, білім алушылармен және олардың ата-аналарымен кері байланысты ұсыну жолдарын талқылады.

БЖБ және ТЖБ жүргізу жиілігі, олардың ұзақтығы, модерацияны жүргізудің өзектілігі мен тиімділігі бойынша практикалық ұсыныстар мен ұсынымдар енгізілді. Педагогтар критериалды бағалау жүйесі қажет, бірақ кейбір толықтырулар мен өзгерістер енгізуді талап етеді деген пікір айтты. Барлық ұсыныстар Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясына жіберілді.

Ата-аналар қоғамы үшін ашық сабақтарға қатысып, ашық есік күндері өткізілді. Тоқсан қорытындысы бойынша ата-аналар жиналысы барысында БЖБ және ТЖБ орындау нәтижелері бойынша педагогтармен жеке кеңестер ұйымдастырылды.