ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Абай кітаптарының парақтарымен
12-11-2019 15:16
Абай кітаптарының парақтарымен

Павлодар қаласы Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубында 2019 жылдың 8 қарашасы күні ұлы Абайдың 175-жылдығына арналған XVIII «Ақ бота» облыстық балалар шығармашылық байқауы өткізілді. Байқауға Абай шығармалары бойынша 150 жуық жұмыс қабылданды. Қазылар алқасы орта білім беру және көркемсурет мектептері оқушыларының жұмыстарын 7 - 9 жас, 10 - 13 жас, 14 - 16 жас аралықтарына сай жіктеп қарастырды.

Байқау нәтижелеріне сай қала мектептері арасында І орынға «Күз» шығармасына сурет үшін № 16 ЖОББМ оқушысы 9 жасар Полина Морош, жетекшісі Жарылгасынова Эльмира Шаиховна, «Абай» суреті үшін 11 жасар Жетекші орта мектебінің оқушысы Айяна Жаникеева, жетекшісі Шаяхметова Людмила Александровна,«Абай» суреті үшін № 31 ЖОМ оқушысы Карина Омар, ие болды, жетекшісі Давыдова Валентина Васильевна. № 31 ЖОМ оқушысы 7 жасар Люция Мударисова, Оқушылар сарайындағы «Сымбат» өнер студиясының тәрбиеленушісі 8 жасар Кира Фролова, 13 жасар Сабина Каскырбаева (№ 32 ЖОМ), 15 жасар Урумбаева Данира (№ 20 мектеп-лицейі) II орынға ие болды. ІІІ орынға ие болған 8 жасар Айдария Жакубаева (№ 38 ЖОМ), 12 жасар Милана Бейсембаева (Қалижан Бекхожин атындағы ЖОМ ) дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Көркемсурет мектептері арасында гран-при жүлдесін «Қара сөздер» атты суреті үшін Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 15 жасар Адина Жексенова және «Жігіт соғысқа кетті» суреті үшін 14 жасар Ангелина Полянцеваға берілді, жетекшісі Рейн Светлана Евгеньевна. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушысы 7 жасар Абдукалыкова Алина «Қыс» шығармасына суреті үшін, жетекшісі Мухаметкалина Гульнар Мергалимовна, Екібастұз қаласының балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 13 жасар Ясмин Казкенова «Өз жерінің баласы» атты шығармасына суреті үшін, жетекшісі Збанацкая Елена Анатольевна, және Баянауыл өнер мектебінің оқушысы Алуа Катаева «Көктем» шығармасына суреті үшін, жетекшісі Жарова Галия Даирбековна, I  орынға ие болды, II орынды Оқушылар сарайындағы «Сымбат» өнерстудиясының және Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары 8 жасар Фролова Кира,13 жасар Нурмаганбетова Томирис, 14 жасар Кучерявский Сергей,III орынға - Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 8 жасар Шакуова Амира, Баянауыл аулының Жаяу Мұса атындағы өнер мектебі оқушысы 10 жасар Жамбыл Диана, Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, 11 жасар Ерболатқызы Ақлима, жетекшісі Шокпаров Хабар Серикович, және 12 жасар Сарымова Альдина, суретші Осербай Шурановтың арнайы жүлдесін Екібастұз қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы, Женисова Нұрай алды, жетекшісі Рахметов Азамат Даулетович.

Байқау жүлдегерлері мен жеңімпаздары дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапатталды, қатысушыларға сертификаттар берілді. Қатысушылардың жұмыстары мектеп көрме залында желтоқсанның 10-на дейін «Абай кітаптарының парақтарымен» атты көрмесінде ілінеді. Қазылар алқасының төрағасы Өсербай Аманжолұлы Шуранов биылғы байқау қатысушылары жұмыстарының деңгейі өте жоғары деңгейде болғанын атап өтті. Бұл жұмыстардың орындалу деңгейінен, әр түрлі техникаларынан байқалады. Тақырыптың терең ашылуы Абай шығармаларының, жыл мезгілдері туралы өлеңдері, қара сөздері, поэмалары, нақыл сөздерінің зерттелу деңгейін көрсетеді.