ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебі педагогының термені меңгеру шеберлігі
15-11-2019 09:39
Музыка мектебі педагогының термені меңгеру шеберлігі

Терме орындаушылар мен әншілердің республикалық «Текті сөздің төресі – терме» конкурсында Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің педагогы Салтанат Тасбулатовна Кисатова III орын иеленді және III дәрежелі дипломмен, жүз мың теңге сомасындағы ақшалай сыйақымен марапатталды. Конкурста оның орындауында Қайыпназар Айтпеновтің «Мұсылман болам десең» термесі шырқалды. Қатысушы «Терме-жыр жанрында орындаушылардың республикалық конкурсына үшінші рет қатысып отырмын, биылғы жылы Жастар жылына арналған конкурс жоғары деңгейде өтті, бірыңғай жас таланттар қатысты», - деді. 2016 жылы Салтанат конкурстың дипломанты атанды, 2018 жылы «Дәріптеуші» номинациясын иеленді.

Салтанат Тасбулатовна Балалар музыка мектебінде 4 жыл жұмыс істейді, баян сыныбы және халық әні бойынша оқытады. Алдағы уақытта өз сынып оқушыларын терме жанрында оқытуды жоспарлайды.

Конкурсты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі өткізді. Конкурстың мақсаты - қазақстандықтардың тіл мәдениетін дамыту, ұлттық өнер мен дәстүрді насихаттау. Конкурсқа Қазақстанның әр өңірінен 13 терме орындаушы қатысты. Конкурстың қатысушыларын терме-жыршы орындаушылар қауымдастығының және халықаралық ақындар айтысының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған қазылар алқасы бағалады.