ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушының спорттық бидегі жетістіктері
15-11-2019 09:51
Оқушының спорттық бидегі жетістіктері

2019 жылдың 3 қарашасында спорттық және бал билері бойынша облыстық ашық біріншілікте Павлодар қаласының № 37 жалпы орта мектебінің 7-сынып оқушысы Арманқызы Анэль «ЮНИОР 1» жас санатында 3-орын алды. Чемпионатты облыстың Спорттық би федерациясы және «Classic»  спорттық би клубы өткізді.

Анэль 7 жылдан бері облыстық «Шаңырақ» халықтық өнер және мәдени-демалыс орталығының «Classic» спорттық би клубында билейді. Оның жаттықтырушылары - Верига Татьяна Григорьевна, спорт шебері, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері және Верига Алексей Николаевич, облыстың Спорттық би федерациясының президенті, спорт шебері. Жақын арада Анэль Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа қатысады.

Анэль әртүрлі шығармашылық байқаулар мен спорттық би жарыстарының белсенді қатысушысы. «Ақбота», «British bulldog» интеллектуалды сайыстарының жеңімпазы. Сыныптан тыс жұмыстар барысында ол «Өркен» балалар сауықтыру орталығында вокалды және бисермен айналысатын үйірмелермен айналысады.