ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Семей қаласы білім беру ұйымдары басшыларының Павлодарға келуі туралы
15-11-2019 16:16

18 қараша сағат 10.00-де Павлодар қаласының № 9 гимназия-мектебінде Семей қаласының білім беру ұйымдарының 25 басшысы бар делегацияның кездесуі өтеді және сапар бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының және Семей қаласының білім беру бөлімдері арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылады.

Семей қаласының делегациясын қарсы алу бағдарламасында Павлодар қаласы білім беру ұйымдарының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында:

Павлодар қаласының № 16 лицей-мектебі, № 40, 36, 39, 25, Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектептеріне бару.

Қосымша білім беру ұйымдарына - «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығына, экологтар мен туризм балалар-жасөспірімдер орталығына, «Өркен» аула клубына, Павлодар қаласының балалар музыка мектебіне бару.

Мектепке дейінгі білім беру ұйымдары - № 96 сәбилер бақшасының «Радуга» гармониялық даму орталығы, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 14 балабақша, Smart-Kid сәбилер бақшасы, №122 мектепке дейінгі гимназия, № 49 санаторлық балабақша, № 29 балабақшаның «Мерей» білім беру-дамыту орталығы, № 6, № 126 сәбилер бақшасының эстетикалық даму орталығы, № 10 балабақшаның «ZamanStar» білім беру-дамыту орталығы бару.

Павлодар қаласының білім беру бөлімі