ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Семей қаласы білім беру ұйымдары басшыларының Павлодар қаласына сапары
18-11-2019 15:58
Семей қаласы білім беру ұйымдары басшыларының Павлодар қаласына сапары

2019 жылы 18 қарашада Павлодар қаласына Семей қаласынан 25 білім беру ұйымдарының басшылары келді. Павлодар қаласының білім беру ұйымдары педагогтарының жұмыс тәжірибесімен алмасу мақсатында қонақтар мектепке, қосымша білім беру ұйымдарына, мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына барды.

№ 9 гимназия-мектебінде Павлодар қаласының және Семей қаласының білім беру бөлімдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, мектеп дарынды балалармен қалай жұмыс істейтінін көрсетті. № 40 мектеп инклюзивті білім беруді енгізу бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті, № 16 лицей-мектебі басқару қызметі және менеджмент жүйесін дамыту тәжірибесін көрсетті, № 25 мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру бойынша жұмысты, № 36 мектепте экологиялық тәрбие бойынша жұмысты, қоршаған ортаны қорғау бойынша мұражай, білім бөлімінің ПроЛС клубын (қаланың жас педагогтары үшін) ұсынды. Павлодар қаласының № 39 мектебі білім беру мазмұнын жаңарту бойынша пилоттық бағдарламаны, неміс тілін оқыту бойынша PASCH халықаралық жобасын енгізуді ұсынды, № 37 мектеп кабинеттерді құру және цифрландыру бойынша жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығына, «Өркен» аула клубына, Павлодар қаласының балалар музыка мектебі және көркем  мектебі, балалар техникалық мектебіне бару кезінде суда сурет салу, тоғызқұмалақ, жіпті мозайка, қосымша білім беру педагогтары мен тәлімгерлерінің жұмыс жүйесі, балалардың техникалық шығармашылығын дамыту бойынша үйірме жұмыстары ұсынылды.

№ 96 «Радуга» гармониялық даму орталығы, сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған № 14 балабақша, Smart-Kid балабақшасы, №122 мектепке дейінгі қазақ тілінде оқытатын гимназия, №49 санаториялық балабақша, № 29 «Мерей» білім беру-дамыту орталығы, № 6, № 126 эстетикалық даму орталығы, № 10 «ZamanStar» білім беру-дамыту орталықтары қонақтарға сапалы білім беру қызметін ұсыну, даму мүмкіндігі шектеулі балаларға мектепке дейінгі білімге қол жетімділікті қамтамасыз ету, педагогикалық кадрлардың кәсіби деңгейін арттыру, жас басшылар мен әдіскерлерге әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыс тәжірибесін ұсынды.