ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебінің оқушылары бірінші орындар иеленді
19-11-2019 11:31
Музыка мектебінің оқушылары бірінші орындар иеленді

Павлодар қаласының балалар музыка мектебі «Балдырғандар» қазақ ұлттық аспаптар ансамблі, фортопиано, жеке домбырашылар, «Семсер» вокалдық дуэті Екібастұз қаласының Естай атындағы балалар музыка мектебінде халықаралық «Фейерверк талантов» конкурс-фестиваліне қатысты. Конкурсқа Екібастұз, Павлодар қалалары, Ертіс, Тереңкөл, Баянауыл аудандарының музыка мектептерінің 300-ден аса оқушысы қатысты.

Конкурс хореография, көркем сөз, халық әні, вокал, фортепиано, орыс және қазақ халық аспаптары номинациялары бойынша өтті. Конкурс қорытындысы бойынша қатысушылар арасында музыка мектебінің оқушылары бірінші орынға ие болды. Бас жүлдені «Семсер» дуэті (жетекшісі Масура Бокошқызы Бокош, Ермурат Серикович Жакупов), домбыра бойынша - Самига Бексултан (педагогы Жулдыз Рашитовна Корабаева) иеленді. І орынды «Балдырғандар» ансамблі, домбыра бойынша - Қайролла Еламан (педагогы Корабаева Жулдыз Рашитовна), фортепиано бойынша - Голубев Михаил (педагогы Елена Александровна Попова) иеленді.