ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодарлық жас таэквондошылар 17 медаль алып келді
19-11-2019 12:16
Павлодарлық жас таэквондошылар 17 медаль алып келді

2019 жылдың қараша айында таеквондо ГТФ бойынша «Нұр-Сұлтан» қаласында Қазақстан Республикасы чемпионатының ашық турнирінде Қазақстанның 15 қаласынан 500-ге жуық спортшы қатысты, бұл сөзсіз қатысушылар арасындағы жоғары бәсекелестікті көрсетеді. Жарысқа Павлодардан 6 - 15 жас аралығындағы 36 бала қатысты, олар «Кахарман» клубында таэквондомен айналысады.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте облыс командасы IV орынға ие болды. Павлодар таэквондошылары массоги бағдарламасы бойынша 6 алтын медаль жеңіп алды Вайц Милена, № 11 ЖОМ 1 сынып оқушысы, Қожанов Батырхан, № 37 ЖОМ 2 сынып оқушысы, Серік Карим, № 9 ЖОМ 2 сынып оқушысы, Камша Василиса, № 21 ЖОМ 3 сынып оқушысы, Сеитов Самир, № 37 ЖОМ 3 сынып оқушысы, Ниязбеков Алихан, № 34 ЖОМ 4 сынып оқушысы.

4 күміс медаль иегерлері хьенг бағдарламасы бойынша Камша Василиса, массоги бағдарламасы бойынша Базарбаев Рауан № 21 орта мектептің 4 сынып оқушысы, Мысик Владислав, № 28 орта мектептің 8 сынып оқушысы, Омирзак Малика № 25 орта мектептің 5 сынып оқушысы.

7 қола медальді хъенг бағдарламасы бойынша Вайц Милена (№11 ЖОМ), массоги және хъенг бағдарламасы бойынша Тнеева Томирис, № 42 ЖОМ 2 сынып оқушысы, массоги бағдарламасы бойынша Шогманова Эльнара, № 37 ЖОМ 3 сынып оқушысы, Фецков Богдан, № 21 ЖОМ 3 сынып оқушысы, Сембай Нурайым, № 1 ЖОМ 4 сынып оқушысы, Ильясов Азамат, № 35 ЖОМ 4 сынып оқушысы алды.

Үздік техника бойынша кубоктармен Камша Василиса, Сеитов Самир және Тнеева Томирис марапатталды.