ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық байқауда Павлодар қаласының оқушысы облыс өнерін таныстырады
20-11-2019 11:24
Республикалық байқауда Павлодар қаласының оқушысы облыс өнерін таныстырады

«Мың бала» республикалық мәдени-ағарту жобасының «Асыл сөз» облыстық ашық конкурсына 29 мектеп пен 7 колледжден қазақ тілін жақсы меңгерген 39 оқушы мен студенттер қатысты.

Байқау шарты бойынша қатысушылар өзін-өзі таныстыру, шешендік өнер дағдыларын көрсету және сұрақтарға бірден жауап беру керек болды. Қазылар алқасы қазақ дыбыстарының дұрыс айтылуына, Абай шығармаларын білуіне, вокалдық ырғаққа, сөйлеу дағдыларына және сахнада өзін-өзі ұстай білуіне ерекше назар аударды.

Сайыс қорытындысы бойынша Павлодар қаласының № 43 мектептің 7 сынып оқушысы Солоденко Анастасия дайындықтың жоғары деңгейін бағындыра отырып, конкурстың барлық кезеңдерін жеңіп алды. Анастасия 25 қараша күні біздің облысты Нұр-Сұлтан қаласында өтетін республикалық байқауда таныстырады. ІІ орын алған қатысушылар қатарында № 18 ЖОМ 6 сынып оқушысы Агелиева Найля, ІІІ орын - Кенжекөл ЖОМ 8 сынып оқушысы Зинченко Милена болды.

Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған облыстық байқау 11 қараша күні Достық үйінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Байқаудың мақсаты - түрлі ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тілді насихаттау.

Бұл күні «Мың бала» республикалық мәдени-білім беру жобасының «Sen de bir kirpish dúnіege ...» латын графигі бойынша аймақтық байқауының қорытындысы шығарылды. II орынды №43 мектептің 7 сынып оқушысы Сырдашова Аруке иеленді.