ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркем гимнастикадан оқушылардың жетістіктері
20-11-2019 12:02
Көркем гимнастикадан оқушылардың жетістіктері

Петропавл қаласында көркем гимнастикадан халықаралық жарыстарда облыс құрама командасының құрамында Павлодар қаласының экологиялық бағыттағы № 36 ЖОМ 2 оқушысы сәтті өнер көрсетті.

Сайыс қорытындысы бойынша 1 сынып оқушысы Қабыкенова Инкара І орынды, 2 сынып оқушысы Безрукова Алиса ІІ орынды иеленді. Сайыста олар 4 қыздан тұратын топта өнер көрсетіп, еркін композицияны орындады. Халықаралық байқауда жас гимнастшылар бірінші рет өнер көрсетті. 2018 жылы Инкара Нұр-сұлтан қаласында өткен республикалық жарыста жеке өнер көрсетіп, ІІІ орынға ие болды. 2019 жылы Алиса облыстық жарыстарда жеке өнер көрсетуде бірінші болды.

Қыздар гимнастикамен 4 жастан бастап көркем гимнастикадан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде айналысады, жаттықтырушысы - Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, Мамашева Наталья Евгеньевна. Гимнастикадан басқа Инкара ағылшын тілі сабағына қатысып, сурет өнерімен шұғылданады. Алиса вокал сабақтарына қатысады.