ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Робототехникадан балалардың ойлап тапқаны – LEGOландия
21-11-2019 09:34
Робототехникадан балалардың ойлап тапқаны – LEGOландия

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасын іске асыру аясында № 13 ЖОМ-да бастауыш сынып оқушылары, 5 сынып оқушылары мен шағын орталық тәрбиеленушілері үшін «Менің шағын ойлап тапқаным - LEGOландия» шығармашылық көрмесі өтті. Мақсаты - робототехника мен ақпараттық технологиялар саласындағы зияткерлік пен шығармашылық әлуеттің практикалық барысын іске асыруға қолайлы жағдай жасау. Аталған іс шараға «Павлодар облысы бойынша педагогтік қызметкерлер біліктілігін арттыру  институты «Өрлеу» біліктілік артттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалының аға оқытушысы Саваровская Татьяна Юрьевна, балалар техникалық мектебі маманы Ладин Роман Владимирович, қалалық № 26 мектеп оқушылары мен ата-аналар қоғамы, БАҚ өкілдері қатысты. Қазылар алқасы құрамына робототехникадан қалалық, облыстық  сайыстар жеңімпаздары № 13 ЖОМ 9 сынып оқушысы Павел Фатьянов, № 26 ЖОМ 9 сынып оқушысы Максим Декскаймер енді.

Көрме барысында 45 қатысушы «Болашақтық экологиялық көлігі», «Оттек қорыту бойынша космос станциясы», «Күн батареяларымен жылытылатын үй», «Қоқыс өңдеу бойынша зауыт», «Студеттер үйі» атты өз жобаларын тұсаукесерін өткізіп, басым бағытты практикалық салаға бағыттады.

Робототехникадан қалалық, облыстық сайыстардың жеңімпаз № 13 ЖОМ командасы, оның құрамында 9 сынып оқушысы Данила Балека, Влад Лебедев пен № 26 ЖОМ командасындағы 8 сынып оқушылары Александр Новиков «Робосумо» бағыты бойынша өз туындысын көрсетті, № 13 ЖОМ 6 сынып оқушылары Илья Абдықалықов, Асылхан Нұрғали және № 26 ЖОМ 8 сынып оқушысы Максим Водянников «Басқарылатын шаяндар» атты роботтар сайысынан үзінді көрсетті. № 13 ЖОМ 8 сынып оқушысы Дарья Кириченко бөгеттерден өте алатын робот қозғалысын көрсетті. «Робототехника  ғылыми-техникалық дамудың бір бағыты болып табылады, онда механика мен жаңа технологиялар проблемалары жасанды зияткерлікпен жанаса байланысқан», - дейді № 13 мектеп информатика мұғалімі, робототехника үйірмесінің жетекшісі Наталья Леонидовна Блок.