ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Музыка мектебінің лауреаттары «Ертіс таңы» бағдарламасында
21-11-2019 09:48
Музыка мектебінің лауреаттары «Ертіс таңы» бағдарламасында

Павлодар қаласының балалар музыка мектебінің педагогтары мен оқушылары «Еrtis» телеарнасының «Ертіс таңы» бағдарламасында сұхбат және сөз сөйлеулер сериясына қатысты. Тікелей эфирде мектеп оқушылары, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаттары мен жеңімпаздары өздерінің шығармашылық жетістіктері туралы айтып, тележүргізушілер мен телекөрермендердің сұрақтарына жауап берді.

Телеарнаның бірінші эфирі 15 қарашада Калел Рамазан, Оразалиев Алибек, Секербаев Алишер, жетекшісі Дарига Булатовна Аллахвердиевамен және оқушылар Тлеуов Батырхан, Смагулов Нурбол және олардың педагогтары Шынар Сериковна Ауелбаева және Гайни Кабдикаримовна Касымбекова құрамындағы «Радуга» вокалдық ансамблінің қатысуымен өтті. Ансамбль қатысушылары 10 оқушыдан тұратын ұжым 2019 жылдың ақпан айында өз жұмысын бастағанын, қысқа мерзімге қарамастан «Дионис» халықаралық конкурсында сәтті өнер көрсетіп, гран-приді иеленгенін айтты. Конкурста олар А. Осошниктің «Хорошее настроение» әнін, ал, бағдарламада Игорь Крутойдың «Нарисуй» әнін орындады. Батырхан облыстық «Жас музыканттар» конкурсында гран-при, Алматы қаласында өткен 52-ші Республикалық «Жас музыканттар» конкурсында III орын (2019 жыл), Нұрбол - VII Халықаралық «Viva Astana» конкурсында II орынды иеленді (2019 жыл).

Екінші бағдарламаға 18 қарашада Хамит Ниязбек, Сейтказина Аружан, Сайлаубай Гулжан, Бейсенхан Толғанай және қазақ халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Нурлан Бакытович Кайшанов қатысты. Ниязбек Санкт-Петербург қаласында «Территория  музыки - без границ», Астана қаласында «Magic ART - өнер сиқыры» (2018 жыл), Мәскеу қаласында «Звезды столицы» (2019 жыл) халықаралық конкурстардың лауреаты. Аружан 51-ші республикалық конкурстардың, «Территория  музыки - без границ», «Звезды столицы» халықаралық конкурстарының лауреаты. Гүлжан, «Қос ішек» домбыра ансамблінің қатысушысы. Толғанай халықаралық «Silk Way» конкурсының дипломанты. Бағдарламада Құрманғазы, А. Жаймов, А. Жұбанов, К. Ахмедиярова, Абайдың күйлерін орындады.

Үшінші эфир 20 қарашада Жеке және ансамбльдік ән айту бөлімінің оқушылары мен педагогтарының қатысуымен өтті. Көрермендерге қонаққа Имангулов Аргын, Усина Дәния, Шарапова София, Жанабаева Адия және педагогтар Ксения Владимировна Миронец және Виолетта Юрьевна Бубнова келді. Усина Дәния «The best in Kazakhstan» республикалық конкурсының лауреаты (2018 жыл), София мен Адия Нұр-Сұлтан қаласындағы (2019 жыл) «Бала шабыты» халықаралық конкурсының лауреаттары болып табылады. Аргын - Павлодар қаласындағы «Dionis», «Шығармашылық күз» халықаралық конкурстарының лауреаты (2019 жыл). Бағдарламада Данияның орындауында «Бір үйдің баласындай» әнін, ал София - «Арман қала» әнін шырқады.

Эфирде Кайролла Еламан, Самига Бексұутан, Ахметов Мадияр, Темірболат Ернар, 2019 жылы қараша айында Екібастұз қаласында өткен Халықаралық «Таланттар Фейерверкі» конкурстарының лауреаттары және педагогтар Жулдыз Рашитовна Корабаева, Ермурат Серикович Жакуповпен кездесу өтті. Қонақтар «Келіншек» қазақтың халық күйін шертіп, «Семсер» дуэті «Бабалар рухы» әнін орындады.

Мектеп педагогы Ксения Владимировна Миронец «Бағдарламаға қатысушылар жаңа репертуарды таңдау бойынша шығармашылық жоспарларымен бөлісті. Осындай жарқын шығармашылық кездесулер павлодарлық көрермендерді тағы да қуантады деп үміттенеміз», - дейді.