ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Облыстық кешенді олимпиаданың қатысушылары анықталды
21-11-2019 11:12
Облыстық кешенді олимпиаданың қатысушылары анықталды

2019 жылы 20 қарашада № 7 ЖОМ Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен математика және ғылыми-жаратылыстану бағыт бойынша кешенді олимпиада өткізілді. Мақсаты - оқушылардың зияткерлік дамуын ынталандыру, талантты  балаларды қолдау.

Олимпиадаға Павлодар қаласының 37 жалпы білім беру мектептерінен 5 - 6 сыныптың 96 оқушысы қатысты. Олимпиада тапсырмалары PISA сапасы Халықаралық бағалау стандарты бойынша құрастырылған. Әділ қазы құрамында қаланың жоғарғы оқу орындарының ғалымдары, қосымша білім беру мекемелерінің оқытушылары, мамандандырылған мектеп мұғалімдері жұмыс істеді.

Жекелей біріншілікте олимпиаданың  жеңімпаздары мен жүлдегерлері ұпай жинағы бойынша анықталды. Олимпиада қорытындысы бойынша I дәрежелі дипломға № 43 ЖОМ 6 сынып оқушысы Левина Ангелина, № 11 ЖОМ 5 сынып оқушысы Энгиноев Адам, № 37 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ынғайбек Жұлдыз, № 38 ЖНМ 5 сынып оқушысы Тілеубекұлы Мұстафа ие болды. 1 орын иегерлері желтоқсан айында олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысады.

II дәрежелі дипломмен №16 лицей-мектебі, № 26, 41, 13, 28, 39 (2), 21 ЖОМ 8 оқушысы, III дәрежелі дипломмен № 2 (2), 11, 17 (2), 39, 29 (3), 14, 35, 18, 43, 5, 34 ЖОМ, № 38 ЖНМ 16 оқушысы марапатталды.