ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Павлодар мектептерінде оқушыларға арналған дербес шкафтар орналастырылуда
22-11-2019 09:37
Павлодар мектептерінде оқушыларға арналған дербес шкафтар орналастырылуда

Оқушыларды мектептің керек-жарақтарын сақтаудың жеке жүйесімен қамтамасыз ету, мектеп рюкзактары салмағының талаптарына сай болу үшін жағдай жасау, әрбір оқушыға жеке кеңістікті ұйымдастыру мақсатында Павлодар қаласының білім беру бөлімі 1 - 4 сынып оқушылары үшін мектеп шкафтарын сатып алу бойынша жұмыс жүргізуде.

Бастауыш мектеп оқушыларына арналған жеке шкафтар 2019 жылғы       18 қарашада № 1 мектепте орнатылды. Мектепке 188 шкафтар келіп түсті, енді бастауыш мектептің барлық оқушылары мектеп керек-жарақтарын сақтайтын жеке орынға ие. Биылғы оқу жылында № 1, 2, 6, 16, 25, 30  мектептің 2880 оқушысын қамтитын, жалпы сомасы 56,4 млн. теңгеге жеке шкафтар сатып алынды,

Жеке жабылатын шкафтарда балалар оқулықтар мен дәптерлер жиынтығын, еңбек сабағына арналған пенал мен папканы, дене шынықтыру сабақтарына арналған киімдерін сақтай алады. Металл корпус және сенімді жинақтаушылар тіпті қарқынды пайдалану кезінде де ұзақ уақыт қызмет ететініне кепілдік береді. Жеке шкафтар жеке магнитті білезікпен ашылады. Білезік жоғалған немесе сынған жағдайда авариялық ашуға арналған карточка болады.

Одан әрі бастауыш сынып оқушыларын дербес шкафтармен толық қамтамасыз ету үшін жұмыс жалғастырылатын болады. 2020 жылы жалпы сомасы 98,0 млн. теңгеге 4996 оқушыға арналған 1249 шкаф сатып алу жоспарлануда.