ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Біз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз
22-11-2019 11:30
Біз - Тәуелсіз Қазақстанның болашағымыз

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Павлодар қаласының білім беру бөлімі жоспарлы іс-шаралар өткізуде.

Қаланың барлық білім беру мекемелерінде «Біздің Президент», «Елбасы жолы», «Астана - Еуразия жүрегі», «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» фильмдері көрсетіледі, «Қазақстан - жетістіктер елі», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» көрмелері ұйымдастырылды. Параллельдер бойынша «Ел сүйген елін сүйген – Елбасым» салтанатты жиындар, «Астана - Қазақстан Республикасының бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны», «Біздің Елбасы», «Бір шаңырақ астында», «Тәуелсіз елдің тірегі», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің елдің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» сынып сағаттары, спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

5-6 сынып оқушылары арасында «Болашақ Қазақстанды қалай елестетесін» атты шағын-шығармалар мен суреттер қалалық конкурсы өткізіледі, байқау қорытындысы бойынша оқушылар грамоталармен және дипломдармен марапатталады. 2-4 сынып оқушылары үшін «Қазақстан - жетістіктер елі», «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» суреттер байқауы ұйымдастырылды.

Мектеп кітапханаларында «Ел тірегі - Елбасы», «Ғасырдың ғажап азаматы», «Елбасы - елімнің тірегі», «Астана - балалардың көзқарасымен» атты кітапханалық сабақтар өткізіледі, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы «Жарқын болашаққа бастаған біздің Президент» атты кітаптар мен журналдар көрмесі безендірілді. «Мәңгілік Ел - біздің күш қуатымыз!», «Кемел Елбасы - ырысы елімнің!» атты ақпаратты сағаттар өткізілді.

Қосымша білім беру мекемелерінде «Мәңгі өшпес жарық жұлдыз» интерактивті ойыны, «Менің Қазақстаным» мәнерлеп оқу сайысы, балалар музыка мектептерінің тәрбиеленушілері ата-аналарға арналған мерекелік музыкалық бағдарламалар, аула клубтарында-спорттық жарыстар, турнирлер өткізіледі. Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 20 қарашада «Менің Отаным-Қазақстан» атты оқушылардың ХІХ аймақтық ғылыми - практикалық конференциясы өтті. Конференцияға 1000-нан астам оқушы қатысады. Оқушылар бес секцияда өз жобаларын ұсынады: «Экология және біз», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді таны», «Музей - тарих бесігі», «Ғылымға алғашқы қадам».

26 - 29 қараша аралығында оқушылардың өзін-өзі басқару белсенділерінен, оқу озаттарынан 500-ден астам оқушы Тәуелсіздік күніне орай Педагогикалық еңбек ардагерлерінің, қаланың құрметті тұрғындарының қатысуымен «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының қатарын толықтырады.

27 қарашада «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Домбыра сабақтары» жобасы іске қосылады. Осы іс-шара барысында музыка мектебінің педагогтары онлайн режимінде YouTube домбырада ойнауды үйретеді.

29 қарашада № 24 ЖОМ дәстүрлі «Болашақ жастардың қолында» VIII жастар-патриоттық форумы өтеді. Форумға 500-ден астам оқушы, мектеп педагогтары, ата-аналар қауымдастығы, қонақтар қатысады.

29 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеу шеңберінде балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында 100-ден астам жас музыканттардың қатысуымен қаланың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары арасында «Иртышский перезвон» бард әндерінің VI қалалық конкурсы өткізіледі.