ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тоғызқұмалақ бойынша жүлделі орын иегерлері
22-11-2019 11:56
Тоғызқұмалақ бойынша жүлделі орын иегерлері

Облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жүлдесі үшін тоғызқұмалақ бойынша XII республикалық турнирге Маңғыстау, Қарағанды, Алматы, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстары, Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларынан 8, 10, 12, 15, 16 жас аралығындағы 400-ге жуық бала қатысты.

Турнир қорытындысы бойынша балалар арасында 9 жүлделі орын, 69 жеңімпаз және жұлдегрлер атанды, оның ішінде Павлодар қаласы мектептерінің 15 оқушысы.

8 жастағы ұлдар арасында II орынды № 2 мектептің 3 сынып оқушысы Бағдат Мират, VII орынды № 28 мектептің 2 сынып оқушысы Дінмұхамед Кажикенов, IX орынды М. Әуезов атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Абылай Оразбай иеленді. 8 жастағы қыздар арасында І орынды Б. Момышұлы атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Диляра Шайкенова, VIII орынды - № 25 мектептің 2 сынып оқушысы Нұрай Шабанова.

10 жастағы ұлдар арасында I орынды № 37 мектептің 5 сынып оқушысы Нұрхан Тоқтасын иеленді. 10 жастағы қыздар арасында II орынды № 35 мектептің 4 сынып оқушысы Елдана Оралбай иеленді.

12 жастағы ұлдар арасында IV орынды № 25 мектептің 6 сынып оқушысы Надир Ахметов иеленді. 12 жастағы қыздар арасында II орынды № 35 мектептің 7 сынып оқушысы Дильназ Жанат, III орынды № 25 мектептің 7 сынып оқушысы Алина Исенова, IV орынды № 7 мектептің 7 сынып оқушысы Тұрлығазы Динара, VI орынды № 19 мектептің 6 сынып оқушысы Алиана Сапарғали иеленді.

15 жастағы ұлдар арасында I орынды № 20 мектептің 10 сынып оқушысы Ернұр Қазым, III орынды № 7 мектептің 9 сынып оқушысы Сұлтан Смағұлов иеленді.

«Ең жас тоғызқұмалақ» номинациясында Павлодар қаласы, № 5 ЖОМ 2 сынып оқушысы, 7 жасар Сабина Сейткәрім марапатталды.