Байқау қорытындылары бойынша «Қосымша білім беру бағдарламалары» аталымында І орынды «Экология и краеведение» бағдарламасы үшін А. М. Якубова, ІІ орынды «Реализация инклюзивного образования в системе дополнительного образования» бағдарламасымен И. Н. Орт, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогтары иеленді, ІІІ орынды «Қазақстанның сакралды жерлері» бағдарламасы үшін Г. К. Жакиянова, № 20 лицей-мектебінің география пәнінің мұғалімі иеленді, «Жас өлкетанушы» бағдарламасымен Г. М. Алибаева, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогы иеленді.
«Оқыту үдерісінің әдістемелік тұрғыда қамтамасыз етілуі» аталымында І орынды «Путеводитель сакральных мест» оқу-әдістемелік құралымен М. И. Шишлов, № 21 ЖОМ тарих пәнінің мұғалімі иеленді, ІІ орынды «Географиялық идеяларды визуалдау» оқу-әдістемелік құралы үшін Г. Б. Есмакаева, № 21 ЖОМ тарих және география пәндерінің мұғалімі, «Фенологический календарь города Павлодара» әдістемелік нұсқауларымен Н. Н. Губарь, экология және туризм орталығының қосымша білім беру педагогы иеленді.
Жүлделі орындарды иеленген үздік жұмыстар Павлодар қаласы білім беру ұйымдары педагогтарымен оқыту үдерісі барысында қолдануға ұсынылды.