ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
YouNube арнасында «Үкілі домбыра» домбыра сабағының ашылуы туралы
26-11-2019 15:35

2019 жылдың 27 қарашасында сағат 11.00-де Павлодар қаласының балалар музыка мектебінде (1 Май көшесі, 33) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы «Ұлы даланың жеті қыры» жобасын жүзеге асыру аясында YouNube арнасында «Үкілі домбыра» домбыра сабағының салтанатты ашылуы өтеді. Ұйымдастырушы Павлодар қаласының білім беру бөлімі Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебі, Павлодар қаласының балалалар музыка мектебі.

Ашылу бағдарламасында:

Онлайн-домбра жобаның тұсаукесері.

Туындыны кезең-кезеңмен үйретудің мастер-классы.

Онлайн-домбыра әлеуметтік жобасы оқушыларға қосымша білім беру ресурстарының бірі, сондай-ақ онлайн тыңдаушылар ретінде білім алушыларды толеранттылық рухында тәрбиелеуге, адамгершілік ұстанымды дамытуға, патриоттық сананы қалыптастыруға ықпал етуді қамтамасыз етеді. Жоба барысында YouNube арнасына жазылушылар «Үкілі домбыра» домбыра сабағында өз бетінше аспапта ойнау дағдысын меңгере алады. Онлайн сабақтарды Павлодар қаласы балалар музыка мектебінің жақсы сынып мұғалімі Қорабаева Жұлдыз Рашидқызы жүргізеді.

Іс-шараға Павлодар қаласы білім беру бөлімі, «Нұр Әлем - аналары» ҚБ өкілдері, педагогика еңбегінің ардагерлері, М. Б. Кентаев, Т. М. Тұрлыбаева домбыра сыныбы бойынша педагогтар, Павлодар музыка колледжінің директоры С. Қ. Сыздықов, Павлодар қаласының балалар музыка мектебі, Қ. Б. Даржұман атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің педагогтары мен оқушылары қатысады.

Телефондар: 87182300764, 87770697863

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі