ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Болашақ бүгіннен басталады
26-11-2019 17:34

2019 жылы 28 қараша күні сағат 10.00-де № 25 ЖОМ (Майра, 49/1) «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына салтанатты қабылдау рәсімі өтеді. Мектепте 6-9 сынып оқушылары «Жас Ұлан» қатарына, 1-4 сынып оқушылары «Жас Қыран» қатарына қабылданады.

Бұл күні «Жас Ұлан» және «Жас Қыран» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау қаланың барлық жалпы білім беретін мектептерінде өтеді. Іс-шараға Павлодар қаласы әкімдігі бөлімдерінің басшылары, еңбек сіңірген педагогикалық еңбек ардагерлері, мұғалімдер, «Жас Ұлан», «Жас Қыран» бірыңғай балалар-жасөспірімдер ұйымы көшбасшыларының ата-аналары шақырылады. Шақырылған қонақтар ұйымның атрибуттары - төсбелгі мен галстукты тағады.

«Жас Ұлан» және «Жас Қыран» қатарына өз білімдерімен және өнерлерімен жеткен оқушылар қабылданады. Бүгінгі күні «Жас Ұлан» қатарында 12548 оқушы, «Жас Қыран» қатарында 14496 оқушы бар.

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі