ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қаланың барлық мектептерінде мұз айдыны ашылады
27-11-2019 16:25
Қаланың барлық мектептерінде мұз айдыны ашылады

      Павлодар қаласының білім беру бөлімімен қысқы спорт түрлерін дамыту, балалардың қызығушылықтары бойынша жұмыспен қамтылуы үшін жағдай жасау, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жоспарлы іс-шаралар өткізілуде.

Осы мақсатта қаланың барлық 42 жалпы білім беретін мектептерінде 2019 жылдың 20 қарашасынан бастап мұз айдынын құю жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда қаланың 38 мектебінде мұз айдыны бар.

Мектеп аумақтарында шаңғымен айналысу үшін дистанциясы 200 метрлік үлкен шеңбер және 100 метрлік шағын шеңберлі екі шаңғы жолы төселетін болады. Трассаларда мектеп оқушыларынан басқа шағын аудандардың балалары мен тұрғындары шаңғы тебуге болады. Қысқы спорт түрлерімен айналысу үшін мектептерде 193 коньки, 805 шаңғы бар.

Қала мектептерінде 3000-нан астам оқушы қысқы спорт түрлерімен айналысады және спорттық жетістіктері бар. Мәнерлеп сырғанау бойынша Қазақстан чемпионы № 16 лицей-мектебінің 5 сынып оқушысы Глушко Мария, хоккейден - 8 сынып оқушысы Чернышев Данил, 5 сынып оқушысы Мелехов Артур. Республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері № 14 ЖОМ 9 сынып оқушысы Смелов Никита, хоккей бойынша спорт шеберіне үміткер № 42 ЖОМ 7 сынып оқушысы Шабалкин Георгий.