kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3061369
Бір айда311968
Бір аптада68389
Кеше5214
Тәулік4681
Тұңғыш Президент күніне арналған VIII жастар патриоттық форумын өткізу туралы
28-11-2019 11:23

29 қарашада сағат 15.00 часов Павлодар қалаиы № 24 ЖОМ-де (Тәуелсіздік даңғылы, 190) Тұңғыш Президент күніне арналған «Болашақ - жастардың қолында» VIII жастар патриоттық форумы өтеді.  Форумға 400-ден астам 8-11 сынып оқушылары мен педагогтары қатысады. Мақсаты – қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, оқушылардың Елбасының елдің қалыптасуындағы рөлі туралы түсінік қалыптастыру, Елбасының өмірбаяны туралы білімдерін кеңейту.

         Форумның қонақтары ретінде  ҚР Журналистер Одағының мүшесі, мемлекеттік қызмет ардагері, ғылым кандидаты, С.Торайғыров ат. ПМУ «Журналистика» кафедрасының профессоры Женис Исаевич Мананбаев;  Қазақстан кәрістер ассоциациясы Павлодарлық филиалы төрағасының орынбасары, «Спорт және өнер» жоғары мектебінің төрайымы Раиса Самсоновна Афанасьева-Ким; PhD докторы, өңіріміздің ең жас қауымдастырылған профессоры, Павлодар облысының жас ғалымдарының төрайымы, Nur Otan партиясының саяси кеңесінің мүшесі Ирина Юрьевна Чидунчи;  мектеп қамқоршылар кеңесінің басшысы, «Табыс қайырымдылық қоры»қоғамдық қордың төрағасыАманжол Алжабаевич Аралов шақырылды.

Форумның бағдарламасы:

Құрмет алаңы (мектеп оқушылары, республикалық және халықаралық байқаулардың және жарыстардың иегерлері, оқушылардың өзін-өзі басқарудың көшбасшылары шығады).

Мектеп педагогтарын марапаттау.

Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, «Туған жерім Қазақстаным» республикалық байқауының жеңімпазы Т.П. Онянов, «Нұр Отан» партиясының кадрлық резервінің мүшелері Н.В. Виндерголер және Р.Р. Смаилов, оқушылардың өзін-өзі басқарунының Президенті  Т.И. Ахметжанов және мектеп Ұланбасы Алланұр Искаков сөз сөйлейді.

Павлодар қаласы білім беру бөлімі