kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3061806
Бір айда312405
Бір аптада68826
Кеше5214
Тәулік5118
«Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары» атты бірыңғай сабақты өткізу туралы
29-11-2019 08:57

2019 жылы 29 қарашада сағат 10.00-де № 9 ЖОМ (Шөкинкөшесі, 90) «Заманауи Қазақстан. Елбасы көшбасшылығының сабақтары»атты жалпы республикалық ашық сабақ шеңберінде бірыңғай сабақтар өткізілетін болады.

2019 жылғы 29 қарашада сағат 10.00-де және 14.00-де Павлодар қаласының барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай сабақ өтеді.

Мақсаты - білім алушыларда Тәуелсіз Мемлекет-Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуындағы Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы түсініктерді қалыптастыру, қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық ұстанымды тәрбиелеу бойынша бірыңғай сабақ өткізіледі.

Бірыңғай сабақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнін мерекелеуге арналған және білім беру ұйымдарының білім алушыларының назарын Ұлт Көшбасшысының ерен еңбектеріне аударуға, жастардың бойында патриоттық және азаматтық жауапкершілік сезімін бекітуге, сондай-ақ өзін-өзі жүзеге асыру дағдыларын дамытуға, көшбасшылық қасиеттерді дамытуға бағытталған.

Дәріскерлер ретінде қаланың қоғам қайраткерлері, депутаттар, «Nur-Otan» партиясының, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, саясаттанушылар, белгілі журналистер, педагогикалық еңбек ардагерлері, шағын аудан тұрғындары шақырылады.

1-4 сыныптар үшін еліміздің Тұңғыш Президенті туралы бейнефильм, «Президент қандай болуы керек», «Егер Мен Президент болсам ...», «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» мәнерлеп оқу сайысы Тұңғыш Президент-Елбасы фотосуреттерінің көрмесі ұйымдастырылады.

5-8, 9-11 сынып оқушылары үшін Н. Ә. Назарбаев туралы презентация бейнеролигі, рөлдік ойындар, Н. Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын талқылау және т. б., мемлекеттік штандарттармен танысу (Президенттің ерекшелік белгілері), эссе жазу конкурстары ұсынылды.  Топтарда жұмыс істеу, пікірталастар жоспарланған.

 

 

Павлодарқаласының білім беру бөлімі