kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Азаматтарды жеке қабылдау кестесі
Сайттың аналитикасы
Бір жылда3061806
Бір айда312405
Бір аптада68826
Кеше5214
Тәулік5118
Халықаралық «Қазақстан Раушандары» конкурсының лауреаттары
29-11-2019 09:20
Халықаралық «Қазақстан Раушандары» конкурсының лауреаттары

Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Естай атындағы Мәдениет сарайында «Қазақстан Раушандары» хореографиялық өнерінің халықаралық фестиваль-байқауының гала-концерті өтті. Байқауға Қазақстан мен Ресей қалаларының 40 би ұжымы қатысты.

№ 40 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары «Павлодар облысының финно-угор этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің «Самрұқ» хореографиялық ансамблінің құрамында осы байқаудың жүлдегерлері атанды.

«Мамино счастье» биін орындағаны үшін «Эстрадалық би» номинациясы бойынша «Самрұқ» хореографиялық ансамблі 6 жастағы  топ (аралас топ) № 40  ЖОМ 1, 2, 3, 4, 8, 9, 10 сынып  оқушылары Амантаева Д., Антюшина Д., Черанева Ю., Беляева А., Ахметова Г., Сагадатова А., Панова В., Лунева Л., Демидюк  Ю., Балғабек А., Шокубаева А., Турсунханова Р., Шевалье У., Темиртас  А., Зеленчукова В., Маулит   М., Галаган А., Қанатбек А. қатысуымен ІІ дәрежелі лауреаты болып атанды.

«Тройки» фин биін орындағаны үшін «Халық биі» номинациясында 2 жас тағы топ  (8 - 10 жас) құрамында № 40 ЖОМ 3, 4, 5, 7, 8 сынып оқушылары Демидюк Ю, Юрченко А., Зубкова Е., Токтарбекова А., Гончарова А., Гончарова О., Карпенко К., Чулюкова Е., Канатбек А., Зеленчукова В., Маулит А., Щепина С. қатысуымен II дәрежелі лауреаты болып  атанды.

«Халық биі» номинациясы бойынша удмурд биімен 4 жастағы топ (15 - 19 жас) құрамында № 40  ЖОМ 1, 2, 3, 4, 8, 9, 10 сынып оқушыларының қатысуымен  III дәрежелі лауреаты болып  атанды.

Жүлдегерлерге лауреат дипломдары, алғыс хаттар табысталып, ансамбльдің әрбір қатысушысы атаулы сертификаттарға ие болды. Хореографиялық ансамбль халық мәдениетінің дәстүрлерін сақтағаны үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Ансамбль жетекшісі, жоғары санатты хореограф, № 40 жалпы орта білім беру мектебінің мұғалімі Светлана Алексеевна Зубкова жастар арасында халық мәдениетін таратқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Фестивальдің мақсаты - түрлі халықтардың ұлттық мәдениетін, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын сақтау және би өнері арқылы ұлтаралық байланыстарды насихаттау және дамыту жұмыстарын жүргізу. Фестиваль Павлодар облысы әкімдігінің, Облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының, Қазақстан Республикасының Болгария Республикасындағы Елшілігінің, Болгария Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Ресей Федерациясының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің, Облыстың ұлттық мәдени орталықтарының қолдауымен ұйымдастырылды. Конкурстың ұйымдастырушылары Ресейдің «Мәдени мұра», «Содружество» қайырымдылық қорлары, «Рейнбоу-тур» УООД (Болгария) болды.