Размер шрифта:
↑Наверх
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Ertis Daryny - 2019» премиясымен № 40 ЖОМ логопед-мұғалімі марапатталды
29-11-2019 15:47
«Ertis Daryny - 2019» премиясымен № 40 ЖОМ логопед-мұғалімі марапатталды

Естай атындағы Мәдениет сарайында «Ertys Daryny - 2019» сыйлығымен Ертіс өңірінің ең талантты, болашағы зор жастарымен марапаттау рәсімі өтті. «Бұл сыйлық аймақ өмірінің түрлі салаларының ең талантты жас өкілдерін біріктірді», - деп атап өтті облыс әкімі Б. Ж. Бақауов.

3-кезеңді іріктеу турының қорытындысы бойынша сарапшылардың конкурстық комиссиясы әрбір қатысушының Павлодар облысының дамуына қосқан үлесін 10 номинацияда ескере отырып, 20 жеңімпазды, конкурс лауреаттарын таңдады. Жеңімпаздар диплом мен 500 000 теңгелік сертификатқа ие болды.

«Білім және ғылым» номинациясы бойынша Павлодар қаласы № 40 ЖОМ логопед мұғалімі Матай Қымбат Галлямқызы жеңіске жетті. Ол мектепте 6 жыл жұміс істейді, осы аралықта «Дарынды балаларға - талантты ұстаз» (2017, 2018 жылдар), «Үздік логопед» (2018 жыл), «Педагогикалық идеялар фестивалі» (2017, 2018 жылдар) республикалық конкурстарының жеңімпазы атанды.

Байқау «Білім және ғылым», «Ерлігі үшін», «Эстрада», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Мәдениет», «Кәсіпкерлік», «Еріктілер», «Өндіріс қызметкері» номинациялары бойынша 3 кезеңнен тұрды. Байқауға қатысу үшін 29 жасқа дейінгі жас және талантты 300-ден астам өтінім берілді. Интернет-дауыс беруге облыстың 67 мыңнан астам тұрғыны дауыс берді.