2019 жылы 28 қарашада № 7 ЖОМ Павлодар қаласының білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Қазіргі оқушылардың шығармашылығын дамыту және өзін-өзі жүзеге асыру әдісі ретінде жобалық-зерттеу қызметі» қалалық семинар өткізілді.
Мақсаты- дарынды оқушылармен жұмыс, оларды ғылыми-зерттеу қызметіне дайындау. Семинарға 192 жалпы білім беру мектебінің пән мұғалімдері және әдістемелік-ғылыми жұмыс бойынша директор орынбасарлары қатысты.
Семинарда жалпы білім беру пәндері бойынша ғылыми жобалардың республикалық байқауы және 1 - 7 сынып оқушылары арасында «Зерде» шығармашылық жоба мен зерттеу жұмыстары қалалық байқауының қорытынды анализі жасалды. Дарынды балалармен жұмыста жаңа білім формаларын қолдану бойынша пән-мұғалімдерінің қызметін үйлестіру,мектептің ғылыми-зерттеу жобаларының сапасын көтеру туралы мәселелер талқыланды.
Жоғарғы оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамының басшылығымен қатысушылар қазақ тілі және әдебиет, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, тарих, химия, биология, өлкетану, этномәдени, қоршаған ортаны қорғау, экология, валеология бойынша пән секцияларында олимпиадаға дайындық кезінде ғылыми-әдістемелік технологияны қолдану бойынша жұмыс тәжірибесімен алмасты. Семинар қорытындысы бойынша әдістемелік кепілдемелер берілді.