ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Туған өлке жас зерттеушілерінің жетістіктері
04-12-2019 09:37
Туған өлке жас зерттеушілерінің жетістіктері

2019 жылғы 29 қарашада Павлодар қаласы білім беру бөлімінің Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Менің Отаным - Қазақстан» ХІХ аймақтық оқушылар ғылыми - тәжірибелік конференциясының 5-күндік жұмысы тәмамдалды. Конференция жұмысына Павлодар, Ақсу қалаларының жалпы орта білім беру мектептері, мектептен тыс мекемелері  2 - 11 сыныптарының 149 оқушылары қатысты.

Жобаларды қорғау 5 бағыт бойынша өтті: «Біз және экология», «Зерттеу жұмысы», «Өз өлкеңді танып біл», «Тарих бесігі - музей», «Ғылымға бастапқы қадам». Әділ қазылар алқасының құрамында «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодар облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 3 университеттердің оқытушылары, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскерлері өз жұмысын атқарды.

Павлодар қаласының К. Мақпалеев атындағы, № 7, 9, 14, 16, 17,  20, 21, 27, 28, 30, 31, 32, 34, 35, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептері, Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығы, Спутник стансасының НМ, Үштерек ЖОМ, Еңбек ЖОМ, Ы. Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушылары, Ақсу қаласы Балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушілері конференцияға белсене қатысты.

Конференция қорытындылары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлері - грамоталармен, қатысушылар - аталымдар бойынша грамоталармен, жетекшілері - конференция қатысушыларының дайындығы үшін алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біз және экология» секциясында І орынды «Исследование пальчиковой батарейки: цена и качество» жобасы үшін № 16 лицей-мектебінің 4 сынып оқушысы Степанов Алексей, «Антибиотик: вред или польза» жұмысы үшін Спутник стансасы негізгі мектебінің 7 сынып оқушысы Кабылдинова Даная иеленді.

«Зерттеу жұмысы» секциясында І орынды «Выращивание огурцов в тепличных условиях» жобасы үшін № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Мурат Айхан, «Датчик уровня воды» жұмысы үшін № 17 ЖОМ 2 сынып оқушысы Паршуков Рафаил, «Робототехника: удивительный мир науки и техники» жобасы үшін № 39 ЖОМ 5 сынып оқушысы Арын Нуралы, «Оптические иллюзии» жұмысы үшін № 9 гимназия-мектебінің 5 сынп оқушысы Плескач Матвей, «Выращивание чуфы на пришкольном участке» жобасы үшін № 34  ЖОМ 11 сынып оқушысы Воробьева Вероника-Николь иеленді.

«Өз өлкеңді танып біл» секциясында І орынды «Современные чудеса архитектуры» жобасы үшін № 39 ЖОМ 3 сынып оқушысы Абайдуллина Милана, «Современный стиль казахской национальной одежды» жұмысымен № 9 гимназия-мектебінің 6 сынып оқушысы Козлова Юлия, «Иртыш глазами исследователя» жобасы үшін № 14 ЖОМ 8 сынып оқушысы Богомолова Дарья иеленді.

«Тарих бесігі - музей» секциясында І орынды «Музей - памятная книга человечества» жобасы үшін № 41 ЖОМ 8 сынып оқушысы Аубакирова Алина иеленді.

«Ғылымға бастапқы қадам» секциясында І орынды экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Сағат Санжар, Нұрмағанбет Лунара «Сладкая орфография» жобасы үшін, Стоцкий Иван «Биологический метод борьбы с вредителями» жұмысымен, Ксения Рубан, Терешков Евгений «Применение туристско-альпинистских навыков в условиях горного похода» жобасы үшін, Дружинин Егор «Умный дом» жұмысы үшін, Горнунг Данил «Влияние занятий спортивным туризмом на ребенка» жобасы үшін, Кайргельдинов Усман «Математикалық және шығармашылық моделдеу» жұмысымен иеленді.

ІІ орынды 27 қатысушы иеленді, оның ішінде Павлодар қаласы К. Мақпалеев атындағы, № 7, 16, 20, 27, 28, 34, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің 14 оқушылары, Спутник стансасы НМ 1 оқушысы, Үштерек ЖОМ 1 оқушысы, Ақсу қаласының қосымша білім берудің 2 тәрбиеленушілері, Павлодар қаласының  қосымша білім берудің 10 тәрбиеленушілері болды. Ақсу қаласы балалар эко-техноорталығының тәрбиеленушісі Бейсенбаева Алина «Стратификация желудей», № 20 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Олжабаева Анель «Цифровой Казахстан: важная роль инновационных технологий», экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Маршала Оксана «Значение эпидермы листьев  в прикладных отраслях биологии»,  Панфилова София «Экологическая экспедиция в пойме реки Иртыш» сияқты қызықты жұмыстарды ұсына білді.

ІІІ орынды 44 қатысушы иеленді, оның ішінде Павлодар қаласы № 9, 14, 16, 17, 30, 32, 34, 39, 40, 41 жалпы орта білім беру мектептерінің 22 оқушылары, Үштерек ЖОМ 1 оқушысы, Еңбек ЖОМ 1 оқушысы, Павлодар қаласының  қосымша білім берудің 20 тәрбиеленушілері болды. № 32 ЖНМ 7 сынып оқушысы Бабайлов Владислав «Красные, желтые или зеленые - какие яблоки полезней», № 40 ЖОМ 11 сынып оқушысы Нургали Айгерим «Excellent» мобильдік қосымшасы мектеп жасындағы балалардың тілдік және көптілділігін қалыптастыру», № 16 лицей-мектебінің 3 сынып оқушысы Махмудов Айдын «Записки юного путешественника», № 14 ЖОМ 8 сынып оқушысы Лунев Никита «Наш школьный музей», экология және туризм орталығының тәрбиеленушілері Брус Тамила, Амиржанова Данияш «Вышедшие из рамок обычных игрушек», Шишкова София, Лангольф Ева «Экономь бумагу - спаси дерево» тақырыптарында мазмұнды жобаларды ұсынды.

Бірінші орындарды иеленген жұмыстар «Менің Отаным - Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтарының Республикалық слеті және «Табиғатты аяла» жас өлкетанушылар, экологтар мен табиғат зерттеушілерінің Республикалық форумының аудандық (қалалық), облыстық сатыларына қатысуға ұсынылды.