ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 25 мектеп патриоттық челлендж эстафетасын бірінші болып қабылдады
04-12-2019 11:17
№ 25 мектеп патриоттық челлендж эстафетасын бірінші болып қабылдады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырым» патриоттық челенджін 2019 жылы 3 желтоқсанда «Жебе» және «Қағидаттық» қоғамдық бірлестіктерінен, Павлодар қаласының № 25 ЖОМ оқушылары қабылдап, қолдады.

Челленджге 800-ден астам оқушы қатысты. Челлендж басында мектеп директоры Арынғазина Әсел Мұратқызы Ж. Молдағалиевтің «Мен қазақпын» поэмасынан үзінді оқып, эстафетаны 19 мектепке тапсырды. Бұдан әрі челленджге қатысушылардың барлығы «Мен қазақпын» атты Қ. Рахымның әнін орындады. Бір тәуліктен аз уақытта бейне бүкіл республика бойынша таралды. Көрген адамдар мен репостар саны бойынша челлендж әлеуметтік желіде айтарлықтай орын алды. Павлодар каласы білім беру бөлімінің ұйымдастыруы бойынша челлендж қаланың барлық мектептері мен балабақшаларында жалғасады.

Челлендждің басты мақсаты - отандастарымыздың патриоттық рухын ояту. Пайдаланушылардың түсініктеріне қарағанда, челлендж өз мақсатына жетті деп айтуға болады.