ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық олимпиада жабылуы туралы
06-12-2019 11:09

2019 жылы 9 желтоқсанда сағат 12.00- де Естая атындағы ҚМҮ-де жалпы білім беру пәндері бойынша қалалық кезеңі өткізіледі.

Мақсаты – білім беделін көтеру, халықаралық олимпиадаға қатысуға дайындық, дарынды балаларды айқындау үшін жағдай құру,өзін-өзі жүзеге асыруға көмектесу,практикалық іскерлігі мен теориялық білімдерін тереңдету,шығармашылық қабілетін дамыту.

Олимпиаданың қалалық кезеңіне Павлодар қаласының 41 жалпы білім беру мектептерінен 8 - 11 сыныптың 600 аса оқушысы қатысты.

Жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада 2 бағыт бойынша 2 кезеңмен өтеді: жаратылыстану-математикалық (математика, информатика, физика, химия, биология, география), гуманитарлық (қазақ тілі және әдебиет, қазақ тілі, орыс тілі және әдебиет,орыс тілі, Қазақстан тарихы, құқық негіздері, ағылшын тілі, неміс тілі, француз тілі).

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады және I орын алған оқушылар қаңтар айында облыстық олимпиадаға қатысады.

 

 

Павлодар қаласы білім беру бөлімі