ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Көркем сөз арқылы туған өлкеге деген сүйіспеншілік
09-12-2019 10:36
Көркем сөз арқылы туған өлкеге деген сүйіспеншілік

2019 жылдың 4 желтоқсанда Павлодар қаласының білім беру бөлімімен «Тәуелсіздік - ел тұғыры» республикалық балалардың мәнерлеп оқудан конкурсының (сырттай) қалалық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты: мектеп жасына дейінгі балалардың бойына көркем сөз арқылы туған еліне деген мақтаныш, сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу. Конкурсқа қаланың 14 балабақшаның 24 бүлдіршіні қатысты.

Қатысушылар қазақ ақындарының Отан, туған өлкесі туралы көркем шығармаларын мәнерлеп оқыды. Балалардың өнерін білікті қазыларалқасы: әдіскерлер мен қазақ тілі оқытушылары бағалады.

Бүлдіршіндерге келесі критерийлерге сәйкес баға қойылды: таңдалған материалдың байқау тақырыбына сәйкестігі, автор мен туынды атауын жариялай білуі, әдеби туындыға интонация, ым-ишара арқылы өз көзқарасын білдіре білуі, шығарма мәтінін білуі және дұрыс айтуы және сыртқы келбетінің сәйкестігі.

Нәтижеде Ж. Ебіновтың «Отан» өлеңін орындағаны үшін № 43 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Мұздыбаева Дильназ I орын  иеленді, 4 жас, II орын В.Запонидидің «Родина моя – Казахстан» өлеңі үшін - № 79 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Керимова Сати, 5 жас, III орын - С. Торайғыровтың, «Мен қазақ» өлеңі үшін - № 82 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Еркебұлан Амир, 5 жас,  Ж.Әбдірашевтің «Отан» өлеңі үшін- № 84 сәбилер бақшасының тәрбиеленушісі Тулегенов Дияр, 5 жас.

Мәнерлеп оқудан конкурсының облыстық кезеңінің қатысушысы, қалалық байқаудың жеңімпазы Мұздыбаева Дильназ 4 жастағы балалар арасындағы біріншілікті растады.