ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептерінің 227 оқушысы пән олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегері атанды
09-12-2019 15:37
Қала  мектептерінің  227 оқушысы  пән олимпиадасының жеңімпаздары және жүлдегері атанды

2019 жылы 9 желтоқсанда Естай атындағы ҚМС олимпиаданың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау және жалпы білім беру пәндері бойынша 58-ші қалалық олимпиада қорытындысының салтанатты рәсімі өтті. Марапаттау салтанатына       Павлодар қаласы  әкімінің орынбасары  С. А.Гладышева қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша  226 жүлделі орын жеңіп алды,сонымен қатар I орынға 48,  II орынға - 59, III орынға  - 120 оқушы ие болды.

Олимпиада да екінші жыл I орынды  № 1 ЖОМ 10 сынып оқушысы Закиров Омар, № 25 ЖОМ 11 сынып оқушысы Казбекова Жансая, № 29 ЖОМ 11 сынып оқушысы Даниярбеков Дархан, № 34 ЖОМ 11 сынып оқушысы Исадинов Диас, № 37 ЖОМ 10 сынып оқушысы Гумар Ернұр, № 39 ЖОМ  11 сынып оқушысы Фесиков Илья, № 16 лицей-мектебінің 11 сынып оқушысы Мельник София, № 9 гимназия-мектебінің 11 сынып оқушысы Кромм Ева алып жүр.

«Қоғамдық-гуманитарлық бағытттың ең жақсы олимпиядалық командасы» номинациясында I орынға № 34 мектеп командасы, II орынға - № 9 гимназия-мектебі,  III орынға - № 39, 37, 29 ЖОМ иеленді.

 «Жаратылыстану-математикалық бағытттың ең жақсы олимпиядалық командасы»  номинациясында  I орынды № 37 лицей-мектебінің командасы, II орынды - № 25 ЖОМ, III орынды - № 39 ЖОМ алды. 

 «Ең жас қатысушы» номинациясында 9 сынып үшін қатысқан 7 сынып оқушылары № 34 ЖОМ оқушысы Юсопов Данил, № 43 ЖОМ оқушысы Савельева Елизавета, № 16 лицей-мектебінің оқушылары Леликов Игорь, Казьмин Иван, Реснянская Валерия, Фидависов Аслан марапатталды.

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің дипломы және медальдарымен марапатталды.

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде  Павлодар қаласы мектептерінің  музыкалық ұжымы өнер көрсетті.

Олимпиаданың қалалық кезеңі 2019 жылы 5- 6 желтоқсанда  № 37 ЖОМ қоғамдық-гуманитарлық және жаратылыстану- математикалық 15 жалпы білім беру пәндері бойынша 41 мектептен 583 оқушы қатысуымен өтті. Олимпиада да ең көп болған команда № 16 лицей-мектебі (33 оқушы), Б. Момышұлы ЖОМ  (32 оқушы), № 25 ЖОМ (31 оқушы). Ең  көп қатысушы ағылшын тілі бойынша - 78 оқушы,  биология - 65, Қазақстан  тарихы - 54 .