ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері
10-12-2019 09:36
Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері

2019 жылы 4 - 6 желтоқсанда Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өткен «Инклюзивті білім берудің өзекті аспектілері» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға, педагог-психолог және Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері директорларының 2 орынбасары қатысты.

Конференцияда № 13 мектеп директорының орынбасары Оспанова Ильмира Ерғанқызы және № 15 мектеп директорының орынбасары Сүлейменова Альбина Сансызбайқызы «Инклюзивті білім беру жағдайында сын тұрғысынан ойлау тәсілдері мен әдістерін қолдану» тақырыбында баяндама жасап, мастер-класс өткізді. № 6 мектептің педагог-психологы Қасымова Зарема Жеңісқызы «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция қорытындысы бойынша Павлодар қаласы мектептерінің 3 қатысушысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, конференция қатысушыларына сертификаттар берілді.