ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау
10-12-2019 09:38
Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау

Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының ұйымдастыруымен «Жалпы білім беретін мектепте ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау» атты қалалық семинар-практикум өткізді. Инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін 60-тан астам пән мұғалімдері, мектеп директорларының орынбасарлары қатысты.

Семинар тақырыбы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің әдіскері Ш. С. Нұрахметова, Павлодар облысы бойынша білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар кафедрасының оқытушылары Б. А. Жаукенова, Т. Ю. Саворовская сөз сөйледі. Инклюзивті білім берудің негізгі ұғымдары мен қағидалары, оқудағы мәселелерді шешу жолдарын анықтау үшін оқушының ерекше білім алу қажеттілігінің сипаттамасы, ерекше білім алу қажеттіліктері бар оқушыларды оқытуда сараланған тәсілді көрсету, пәннің негізгі ұғымдарын меңгеруге әсер ететін тәсілдер, оқушыларға арналған жеке білім беру бағытын жобалау ерекшеліктері қарастырылды және талқыланды.

Қатысушылар жұмыста ары қарай пайдалану үшін әдістемелік материалдар және ұсынымдармен алмасты. Семинар материалдары қала мектептеріне жіберілді.