ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Бірінші сынып оқушыларының патриоттық форумы туралы
10-12-2019 11:45

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Дарынды ұрпақ - ел болашағы» атты бірінші сынып оқушыларының патриоттық форумы2019 жылғы 13 желтоқсанда сағат 11.00-де № 17 ЖОМ (Катаев көшесі, 68) өтеді.

Мақсаты - өз еліне деген құрмет сезімін, қазақстандық патриотизмді, бейбітшілікті, ұлттық келісімді, өз болашағы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, белсенді, шығармашылық, мақсатты, ізгілікті жастарды тәрбиелеу, танымдық қабілеттерін дамыту.

Бұл күні патриоттық форум бір уақытта Павлодар қаласының барлық жалпы білім беру мектептерінде өтеді. Патриоттық форум қала мектептерінің 7000-нан астам бірінші сынып оқушыларының қатысуымен өтеді.

Іс-шараның қонақтары қаланың танымал адамдары, педагогикалық еңбек ардагерлері, волонтерлер, оқуозаттары, мектептің өзін-өзі басқару белсенділері болады.

Форум бағдарламасында:

Біріншісынып оқушыларының қатысуымен мәнерлеп оқу, музыкалық нөмірлер, хореографиялық қойылымдар, флешмоб өтеді.

Өз елінің патриоты болу - кез келген адам үшін әрқашан үлкен құрмет. Патриоттық тәрбие тәрбие жұмысының маңызды компоненті болып табылады.

Отаншылдық табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көшеге, үйге, аға ұрпаққа, өз халқының, отбасының дәстүрлеріне құрметпен қарау арқылы көрінеді. Мұның бәрін бала кезінен бастап үйрету керек.

 

 

Павлодар қаласының білім беру бөлімі