ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
«Менің өлкем - Ертіс өңірі» қалалық турнирі туралы
10-12-2019 11:51

2019 жылы 11 наурызда сағат 9.00 №6 ЖОМ (Урицкий көшесі 78) Павлодар қаласы білім беру бөлімі «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығымен «Менің өлкем - Ертіс өңірі» қалалық турнирі өткізіледі.

Турнир мақсаты  өз көзқарасын сақтау және мазмұндау, өлкетану және тарих бойынша мектепте алған күрделі мәселелі тапсырмаларды шешу үшін дағды мен іскерлік,білімін пайдалана алатын талантты және дарынды балаларды қолдау және дамыту.

Турнирге қатысу үшін қаланың 35 жалпы білім беру мектептерінен 7-8 сыныптың 70 оқушысы тапсырыс берді.

Турнир екі кезеңде өтеді, бірінші кезеңде барлық қатысушылар тест тапсырмаларын орындайды және эссе  жазады. Турнирдің екінші кезеңінде қатысушылардың  шешендік  қабілеті айқындалады.

Әділ қазы құрамында қаланың жоғары оқу орындарының, «Өрлеу»  білім беру қызметкерлері  БКҰО АҚ филиалы, Павлодар  облысы  бойынша  білім беру қызметкерлерінің біліктілігін көтеру институтының оқытушылары  жұмыс істейді.

Турнир қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен жеңімпаздар  I, II, III дәрежелі дипломмен,сонымен қатар «Павлодар дарыны» сертификатымен марапатталады.

 

 Павлодар қаласының білім беру бөлімі