ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
№ 18 мектепте домбыра кабинеті ашылды
11-12-2019 15:27
№ 18 мектепте домбыра кабинеті ашылды

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтің бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде Павлодар қаласының екі мектебінде домбыра кабинеттері ашылды.

2019 жылдың 11 желтоқсанында Павлодар қаласының № 18 ЖОМ-да қала әкімі Қ. Нүкенов сыйлаған ақшалай сертификатқа домбыра кабинетінің салтанатты ашылуы өтті. Домбыра кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне Даниял Сабырұлы Қасенов, абайтанушы, Алтын Бакизиевна Абельдинова, ардагерлер кеңесінің төрағасы, Дарья Владимировна Кряченко, қамқоршылық кеңесінің төрағасы қатысты.

№ 18 мектепте домбыра үйірмесінің екі тобында 2 - 11 сыныптың 40 оқушысы қатысады. Бұл топтарда бастауыш және оқуды жалғастырушы оқушыларға 2 педагог сабақ береді.  Кабинетте 20 құрал, аудиожазбалар бар стендтер, халықтық ұрмалы музыкалық аспаптар, әдістемелік және оқу әдебиеттері бар.

2019 жылдың 12 желтоқсанында Павлодар қаласының № 9 ЖОМ-да  1998 жылдың түлегі Суслин Евгений сыйлаған домбыра кабинеті ашылды.

Қазіргі уақытта қала мектептерінде 1800 баланы қамтитын 98 домбыра үйірмелері жұмыс істейді.