ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас ақындар өз өлеңдерін ел тәуелсіздігіне арнады
12-12-2019 12:01
Жас ақындар өз өлеңдерін ел тәуелсіздігіне арнады

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін өткізу аясында 2019 жылы 11 желтоқсанда Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде «Жыр жауҺары - жастар» атты жас ақындар байқауы өтті. Мақсаты - оқушылардың жан-жақты және шығармашылық қызығушылығын дамыту, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктерімен таныстыру. Байқауға № 2, 7, 19, 24, 25, 29, 32, 33, 35, 37, № 38 НМ, № 20 лицей-мектебі, Қ. Бекхожин атындағы, Б. Момышұлы атындағы мектептердің 5 - 11 сынып оқушылары қатысты.

Қазылар алқасының құрамында Қазақстан журналистер одағының мүшелері Әбішев Асыл Әлімжанұлы, «Найзатас» қоғамдық-саяси және мәдени-көркем журналы журналының бас редакторы, Оралхан Айбек Тілеубекұлы, журналдың жауапты хатшысы, республикалық ақындар байқауларының жеңімпазы, Павлодар қаласы Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның бас редакторы Мұқаева Сәуле Әбдіханқызы болды.

Қатысушылар Қазақстан, тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің жетістіктері, отаншылдық, Отанға деген сүйіспеншілік туралы өздерінің авторлық шығармаларын орындады. Қазылар алқасы қатысушыларды шығарма мазмұнын толық ашқаны, жатқа оқу, орындау әртістігі үшін бағалады. Байқау ережесі бойынша 17 қатысушы тақырыпқа бір өлең оқыды.

Байқау қорытындысы бойынша «Азат елім - асқағым» өлеңін орындағаны үшін № 35 ЖОМ 9 сынып оқушысы Илимхан Дінасыл І орынды иеленді. Оның айтуынша, туған жері, табиғаты туралы өлеңдерді 6 сыныптан бастап жазады және Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын қуана оқиды.

II орынды «Тәуелсіздігім - тұғырым» өлеңі үшін № 7 ЖОМ 7 сынып оқушысы - Ошал Мадина, «Азаттық пырағы» өлеңі үшін № 24 ЖОМ 11 сынып оқушысы - Колтай Мақсат иеленді.

ІІІ орынды «Тәуелсіз елім» өлеңін оқыған № 33 ЖОМ 9 сынып оқушысы Жолдаспаева Сабина және № 19 ЖОМ 7 сынып оқушысы Уакпаева Феруза «Әлем таныған ел» өлеңі үшін алды.

«Балаң жырдың бастауы» номинациясын ең жас ақын К. Бекхожин атындағы ЖОМ 5 сынып оқушысы Сүлейменова Қарлығаш, «Көркем сөзге құштарлық» номинациясын № 2 ЖОМ 11 сынып оқушысы Абдрахманова Амина, «Салмақты ойдың сәулесі» номинациясын № 32 ЖОМ 6 сынып оқушысы  Бекежан Рамазан алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Павлодар қаласы білім беру бөлімінің грамотасымен және сыйлықтармен, олардың педагогтары алғыс хатпен марапатталды. Қазылар алқасының төрағасы Әбішев Асыл Әлімжанұлы үздік өлеңдер «Найзатас» журналында жарияланатынын атап өтті.