ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Тәуелсіздік күніне орай екінші домбыра кабинеті ашылды
12-12-2019 17:04
Тәуелсіздік күніне орай екінші домбыра кабинеті ашылды

Павлодар қаласының әкімі Қайрат Теміршотұлы Нүкеновтің бастамасымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай 2019 жылғы 12 желтоқсанда Павлодар қаласының № 9 мектеп-гимназиясында 1998 жылдың түлегі, демеуші Суслин Евгенийдің көмегімен домбыра кабинетінің салтанатты ашылуы өтті.

1 - 11 сыныптың 40 оқушысын қамтумен, мектепте домбыра студиясының екі тобы жұмыс істейді. Жетекшісі Батырбек Жақсылықұлы Сарсебеков. Заманауи домбыра кабинеті техникалық құралдармен және оқу әдебиеттерімен жабдықталған. Оқушылардың сабақтарына 12 құрал бар.

Кабинеттің салтанатты ашылу рәсіміне «Нұр Ана» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Максилова Бақыт Шаканқызы, ардагерлер кеңесінің төрағасы Байтлеуова Елсүйор Ахметқызы, мектеп мұражайының директоры Байкенова Галина Знайданқызы, Павлодар қаласының ақын - айтыскер Мизан Жұмәлі, белгілі ақын, жас ақындар мектебінің негізін қалаушы Қуаныш Шорманов қатысты.

Ашылу салтанатында қонақтарды Павлодар қаласында өткен «Би бала» халықаралық конкурсының жүлдегері (2018 жыл), «Домбыра үні» композициясымен мектептің «Назқоңыр» би тобы қарсы алды. Кабинеттің салтанатты ашылуын Қ. Шорманов, М. Жұмабаев, Б. Ш. Максилова қонақтар өткізді.