ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Қала мектептері директорларының кеңесі
13-12-2019 12:23
Қала мектептері директорларының кеңесі

2019 жылғы 13 желтоқсанда Павлодар қаласының жалпы білім беру мектептері директорларының кеңесінде «Білім беру мекемелерінде қосымша білім беруді, сабақтан тыс және үйірме қызметін ұйымдастыру туралы», «Білім беру ұйымдарындағы әлеуметтік-психологиялық қызметтің қызметі туралы», «Қала мектептерінің гимназия және лицей сыныптарында оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігі туралы», «Жалпы орта білім беру мекемелерінде 2015 - 2020 жылдарға арналған үш тілді білім беруді дамытудың Жол картасын іске асыру барысы туралы» мониторинг қорытындысы қаралды. «Педагогтарды аттестаттау бойынша және жас мамандарды мектепке бекіту бойынша тестілеу өткізу туралы», «Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтау, орналастыру, бастапқы және аймақтық есепке уақытылы қою бойынша білім беру мекемелерінің жұмыс жағдайы туралы» есептері тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша Павлодар қаласы білім беру бөлімінің басшысы мектеп директорларына нақты тапсырмалар берді. Лицей және гимназия сыныптарының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау, сыныптарды толықтыру, кадрларды іріктеу бөлігінде жұмысына ерекше назар аударды. Оқушылардың сабақтан тыс уақытта үйірмелер мен спорт секцияларында, түрлі пәндік олимпиадаларға, қызығушылықтары бойынша конкурстарға қатысуды жоспарлап отырған оқушылардың жұмыспен қамтылу мәселелерін бақылауға алу туралы. Балалардың өзін-өзі басқаруын, «Жас ұлан», «Жас қыран» балалар жасөспірімдер қозғалысын, «Адал ұрпақ» мектеп клубтарын жандандыру бойынша жұмыс жүргізу. Құқық бұзушылықтың алдын алу және қаңғыбастықтың алдын алу мақсатында кешкі уақытта ата-аналар патрульінің қатысуымен рейдтер ұйымдастыру.

Мектептерде үш тілді оқытуды енгізетін директорлардың орынбасарлары, пән мұғалімдері, сынып жетекшілері үшін нұсқаулық-әдістемелік семинарлар өткізу туралы ұсыныстар берілді.