Размер шрифта:
↑Наверх
ВЕБ-САЙТЫ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫХ УЧРЕЖДЕНИЙГОРОДА ПАВЛОДАРА
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Pavlodar, 25 Krivenko St.
32-21-67
телефон доверия/Call-центр
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Облыстық кешенді олимпиада қорытындысы
20-12-2019 09:31
Облыстық  кешенді  олимпиада  қорытындысы

VIIІ облыстық кешенді олимпиадаға қалалық және аудандық   олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері, облыстың жалпы білім беру мектептерінің, дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 5 - 6 сыныптың 79 оқушысы,сонымен қатар  Павлодар қаласының № 11, 37, 38, 43 жалпы білім беру мектептерінің 4 оқушысы қатысты. 

Олимпиада қатысушылары математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылығын тексеру үшін кешенді және құрылымды тапсырмалар орындады. Бағыттары бойынша тапсырмалар (математика, биология, химия, физика) жеке мәтінді ұсынды, онда практикада білімдерін қолдану іскерлігі, қоршаған ортаны түсіну үшін қажетті негізделген математикалық қорытындыларды айту іскерлігі, қатысушылардың сол немесе басқа саладағы білімдерін айқындайтын, мәселелер көрсетілген. Осындай типтегі тапсырмалар орта буын оқушыларының жоғарғы дәрежелі  дербестілігін, функционалдық сауаттылығын, мәтінді тапсырмамен жұмыс істеу іскерлігін дамытады, ол  зияткерлік шаралардың қазіргі талаптарына сай.

Олимпиада қорытындысы бойынша I орынды  № 37 ЖОМ 6 сынып оқушысы Ынғайбек Жұлдыз, III орынды № 11 ЖОМ 5 сынып оқушысы Энгионоев Адам, № 43 ЖОМ 6 сынып оқушысы Левина Ангелина алды. Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстың білім беру басқармасының I, II, III дәрежелі дипломымен марапатталды. Олимпиада  2019 жылы 19 желтоқсанда № 35 ЖОМ «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру әдістемелік-оқу орталығымен өткізілді.