ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық конкурстардағы жас музыкантшылардың жетістіктері
20-12-2019 15:11
Халықаралық конкурстардағы жас музыкантшылардың жетістіктері

Нұр-Сұлтан қаласындағы VII халықаралық көпжанрлы балалар, жасөспірімдер және жастар «Жас Дарын» өнер фестиваль-конкурсына 3 солист және құрамында Павлодар қаласының Балалар музыка мектебінің 9 оқушысы бар жуырда ұйымдастырылған «Bright» вокалдық  ансамблі қатысты.

Конкурс нәтижелері бойынша мектеп оқушыларының жетістіктер сандықшасы 4 жүлделі орынмен толықты. I орынды Ж.Жексенұлы репертуарынан «Қазақстаным» әнін өте жарқын әрі әсерлі етіп орындағаны үшін вокал ансамблі иеленді. «Соло» номинациясында Қалел Рамазан мен Гаманова Виолетта «Пой со мной» и «Лучшие друзья» әндерін орындағандары үшін, Бекімұрат Әділ А. Төлепберген репертуарынан «Туған жер» әнін орындағаны үшін жеңімпаз атанды. Вокал ансамблінің жетекшісі Дариға Булатқызы Аллахвердиева «Балалар осы конкурста вокалдық және хореографиялық шеберліктерін қосып, бүкіл атқарған жұмыстарын көрсетті», - дейді.

Фестиваль 2019 жылғы 14 желтоқсанда Каз Медиа концертттік залында өтті. Қазақстанның түрлі қалаларынан келген өнер көрсетушілердің жасы 3-тен 18-ге дейін болды. Конкурс ұйымдастырушысы «Daryndar Alemi» Халықаралық Шығармашылық Қауымдастығы.

Дәл осы күні Павлодар қаласында халықаралық көп жанрлы шығармашылық «Шоу талантов» конкурс-фестивалі өтіп жатты. Оған қатысқан оқушымыз Хамит Ниязбек (педагогы Ишанкулов Берик Кошанбаевич) А. Жайымовтың  «Шалқыма» туындысын орындап және құрамында бірінші курс оқушылары бар «Өрлеу» домбырашылар ансамблі «Тепенкөк» халық күйін орындап гран-при алды, «Аспаптық орындаушылық» номинациясында Дәулеткерейдің «Қосалқа» күйін орындағаны үшін «Самғау» домбырашылар ансамблі 2-ші орынға ие болды жетекшісі Сагитова Жулдыз Балгашевна.