ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жас туристер тау туризмі техникасы бойынша 30 жүлделі орын иеленді
23-12-2019 09:28
Жас туристер тау туризмі техникасы бойынша 30 жүлделі орын иеленді

2019 жылғы 14 - 17 желтоқсан күндері аралығында Екібастұз қаласында өткен жабық бөлмелерде тау туризмі техникасы бойынша ашық чемпионатына Екібастұз, Қостанай қалаларының 150 астам спортшылары, оның ішінде Павлодар қаласы білім беру бөлімі Балалар-жасөспірімдер экология және туризм орталығының 3 құрамалары қатысты. Қатысушылар 5 жас топтары (10 жасқа дейін, 11 - 12 жас, 13 - 14 жас, 15 - 17 жас, 18 жас және астам), «Жеке» және «Тізбек» 2 қашықтықтары бойынша жарысқа түсті.

  Жарыс шарттары бойынша қашықтықтарды өтуде жылдамдық пен қателіктерді алдын алу есепке алынып, әр топ бойынша жалпықұрамалық есеп шығарылды.

Жарыс қорытындылары бойынша үздік білік-дағдыларын Павлодар қаласы орталығының тәрбиеленушілері көрсетіп, 30 жүлделі орын иегерлері атанды (I орын - 14  оқушы, II орын - 10, III орын - 17).

Жалпықұрамалық есепте «Павлодар» құрамасы («Пирамида», «Вершина», «Усольский меридиан» туристік клубтарының құрамасы)  I орын (2), II орын иеленіп, естелік кубоктарының иегері атанды. Құрама 21 жүлделі орын иеленді (I орын - 9,  II орын - 5, III орын - 7), жетекшілері Ридзаускас В. Ю., Агалаков С. Н., Ридзаускене И. В.

«Вертикаль» құрамасы жалпықұрамалық есепте II, III орындарды иеленді (I орын, II орын - 2,  III орын - 5), жетекшісі Кремер С. В.

«Личная» қашықтығында I орынды 10 жасқа дейін жас тобында қыздар арасында - Чурсанова Мария («Вертикаль» клубы) иеленді, 11 - 12 жас тобында ұлдар арасында  Идрисов Амир, қыздар арасында - Васильева Настя иеленді, 13 - 14 жас тобында ұлдар арасында  - Киселев Артем, қыздар арасында - Муравкина Дарья, 18 жас және астам жас тобында ерлер арасында  - Сидоренко Михаил («Павлодар» құрамасы) иеленді.

«Тізбек» қашықтығында I орынды 13 - 14 жас тобында ұлдар арасында Идрисов Амир және Горнунг Данил, аралас тізбекте - Атлан Елена және Идрисов Елнур, 15 - 17 жас тобында - Рубан Ксения және Терешков Евгений, 18 жас және астам жас тобында - Сидоренко Миша және Кадеев Рамиль («Павлодар» құрамасы) иеленді.