ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Жаңа форматтағы олимпиада жеңімпазы
23-12-2019 17:06
Жаңа форматтағы олимпиада жеңімпазы

№ 20 лицей-мектебінің информатика мұғалімі Гүлзия Мұхиденқызы Әубәкірова мұғалімдерге арналған Ұлттық интернет олимпиада  порталындағы олимпиадаға қатысты. Берілген тапсырмаларды мұғалім  100% сапалы орындап шықты. Олимпиада қорытындысы бойынша Гүлзия Мұхиденқызы І орын алды және онлайн-олимпиадасының соңында қатысушының жеке кабинетінде сертификатпен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

Гүлзия Мұхиденқызы мектепте 2 жыл жұмыс істейді, осы мерзімде «Bilimland» білім порталының «Ұстаз-новатор» республикалық  байқауының 2019 жылғы жүлдегері атанды. Оның оқушылары 2018, 2019 жылдардағы Қазақстандық  интернет олимпиадаларының, «Вевrаs» халықаралық байқаудың жүлдегерлері. Бос уақытында интерьер бұйымдары мен түрлі қолда бар материалдардан әшекейлер жасайды.

 Қазақстандағы «nio.kz» қашықтық интернет олимпиада жобасы еліміздің әр жеріндегі білімқұмар оқушылар мен мұғалімдерге зияткерлік қабілеттерін ашуға, өздігінен білімденуге, замануи технологияларды қолдануға мүмкіндік береді.