ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Республикалық эссе конкурсының жеңімпаздары
24-12-2019 12:05
Республикалық эссе конкурсының жеңімпаздары

     Павлодар қаласының № 30 сәбилер бақшасының тәрбиешісі Какимжанова Мазира Кусаиновна және оның тәлімгері, әдіскер Асқарова Саяра Ершатқызы «Білімді ұрпақ - жарқын болашақ кепілі» атты республикалық эссе конкурсының жеңімпаздары атанды.  Педагог сайысқа қиын әрі қызықты тәрбиеші  жұмысы туралы  «Болам деген баланың, бетін қақпа белін бу» атты эссесін ұсынды.  Дарынды педагог «Ұлы дала дарыны» төсбелгісімен және әдіскер - «Bilim-Orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының І дәрежелі дипломымен марапатталды.

     Мазира Кусаиновна балабақшада 8 жыл жұмыс істейді. Ол түрлі кәсіби конкурстарға белсенді қатысады. 2017 жылы «ZIAT» республикалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі білім мен тәрбие» республикалық байқауында ІІІ орын алды. «6 - 7 жастағы балаларды үйретуге арналған дойбы ойынның бастапқы жүрістері» оқу-әдістемелік құралының құрастырушысы.  Инновациялық Еуразия университетінде өткен «Ең үздік әдістемелік құрал» қалалық байқауында осы оқу құралы үздік деп танылды. Мазира Кусаиновнаның сабақтары әрқашан мазмұнды және танымдық. Педагог жүйелі түрде тәрбиеленушілердің танымдық қызметін ынталандыру және белсендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді қолданады.

     Салтанатты марапаттау 2019 жылдың 21 желтоқсанында Нұр-сұлтан қаласында өтті. Ұйымдастырушы «Ұлы дала дарыны» жобасы аясында «Bilim-Orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы болып табылады.