ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Халықаралық Жаңа жыл фестивалінің бас жүлдесі
25-12-2019 11:09
Халықаралық Жаңа жыл фестивалінің бас жүлдесі

Орындаушыларға шығармашылық байқауларға қатысуға және өз мүмкіндіктерін бағалауға мүмкіндік беру мақсатында 2019 жылдың 21 - 22 желтоқсанында С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығының «Новогодний переполох» ІІ Халықаралық фестивалі өтті. Фестивальге 7 - 18 жас аралығындағы 50-ден астам бала қатысты, оның ішінде Павлодар қаласының № 36 экологиялық бағыттағы ЖОМ 2 сынып оқушысы, Анна Южакова.

Фестиваль қорытындысы бойынша Анна «Аспаптық орындау» номинациясы бойынша бас жүлде иегері атанды. Жас пианист қыздың кәсіби ойынын білікті қазылар алқасы бағалады. Музыкалық байқауға алғаш рет қатысқанына қарамастан, ол Е. Хосровянның «Кочари» шығармасын орындады. Өзінің алғашқы сұхбатында жас пианист қыз: «Мен жарыс рухын сезінбедім, ең алдымен, мен көрермендерге ойнадым және мен үшін тыңдаушылармен музыка арқылы сөйлесудің маңызы зор болды», - деді.

 Аня Павлодар қаласының Музыка мектебінде «Арнайы фортепиано» бөлімінде айналысады. Ол шығармашыл оқушы, мектеп өміріне белсенді қатысады, театралдық қабілеттері бар, жақсы сурет салады, бейнелеу өнері бойынша мектеп олимпиадасында жүлделі орын алады (2019 жыл).